top of page

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Smart Campus жүйесін енгізуде

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басқарма төрағасы – ректор Жансейіт Түймебаев шанхайлық Danacoid мультимедиялық компаниясының өкілдерімен кездесті. Жүздесуде университеттің цифрлық және мультимедиялық инфрақұрылымын жаңғырту, заманауи технологияларды білім беру мен ғылыми қызметке енгізу, сондай-ақ ұзақ мерзімді әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Smart Campus жүйесін енгізуде

Басқосу барысында тараптар ҚазҰУ кампусында «Smart Campus» жүйесін кезең-кезеңімен енгізуге ерекше назар аударды. Атап айтқанда мультимедиялық, аудиовизуалды және цифрлық ақпараттық ресурстардың орталықтандырылған басқару жүйесін құру, оқу аудиторияларын интерактивті панельдермен және заманауи бейнесигнал тарату жүйелерімен жабдықтау, аудиториялар, ректорат пен мәжіліс залдарында жоғары айқындықтағы бейнебайланысты пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды.


Жаңа технологиялар қашықтан білім беру мүмкіндіктерін кеңейтіп, халықаралық онлайн-конференциялар мен ғылыми іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге жол ашады.


Жүздесу қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шанхайлық Danacoid мультимедиялық компаниясы және «AIS KAZAKHSTAN» ЖШС үшжақты меморандумға қол қойды.


Бұл келісім университет инфрақұрылымын халықаралық стандарттарға сай жаңғыртуға, білім беру сапасын арттыруға және заманауи цифрлық экожүйе қалыптастыруға бағытталған.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page