top of page
"Современное образование" республикалық журналының редакциясы
Издается с 1999 года
Наши телефоны: +7 727 377 31 43, WhatsApp +7 778 312 37 64, e-mail: info@bilim.expert Индекс издания по каталогу АО "Казпочта" - 75895
Search


Білім мен ғылымға бөлінетін қаржы бес есеге артты
Соңғы жылдары Қазақстанда ғылым мен жоғары білім саласын дамыту мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдықтарының біріне айналды. Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында еліміздің болашағы жоғары технологиялар мен жасанды интеллектіні тиімді пайдаланумен тікелей байланысты екенін атап өтті. Осы бағытта ұлттық ғылымды дамытуға айрықша көңіл бөлініп, соңғы бес жыл ішінде білім мен ғылым саласына салынған инвестициялар бес есеге артты , «З


Аралды құтқарудан бастап «жасыл мектептерге» дейін: Орталық Азия жастары RES-2026 саммитінде климаттық дағдарыспен күресу үшін күш біріктіреді
Қазақстан мен Орталық Азия елдерінен келген 100-ден астам жас эко-белсенділер мен көшбасшылар климаттық дағдарыспен күресу үшін күш біріктіреді. 2026 жылдың 24 сәуірінде Астанада ауқымды Өңірлік экологиялық саммит (RES-2026) аясында БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) «Болашақ экожүйе: балалар мен жастар тұрақты даму сәулетшілері ретінде» атты арнайы жастар воркшобы өтеді. ЮНИСЕФ-тің ҚР Оқу-ағарту министрлігімен, сондай-ақ ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп ұй


Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады
2026 жылдың 19-29 наурыз аралығында қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Осы кезеңдегі бос уақытты мазмұнды өткізу мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені жүзеге асырылады , «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Демалыстың әр күні «Наурызнама» онкүндігімен үйлесім тауып, отбасылық құндылықта


ҚазҰУ-да виртуалды эко-кеңесші іске қосылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде EcoFarabi AI виртуалды эко-кеңесшісі іске қосылды. Бұл цифрлық платформа қоғамда экологиялық сананы арттыру, тұрақты даму қағидаларын насихаттау және қоршаған ортаны қорғау бастамаларын қолдауға бағытталған. Жоба оқу орнының тұрақты даму стратегиясымен үндесіп, заманауи технология арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған инновациялық шешім ретінде ұсынылып отыр. EcoFarabi AI пайдаланушыларға күнделікті өмірде эколог


ҚазҰУ-да виртуалды эко-кеңесші іске қосылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде EcoFarabi AI виртуалды эко-кеңесшісі іске қосылды. Бұл цифрлық платформа қоғамда экологиялық сананы арттыру, тұрақты даму қағидаларын насихаттау және қоршаған ортаны қорғау бастамаларын қолдауға бағытталған. Жоба оқу орнының тұрақты даму стратегиясымен үндесіп, заманауи технология арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған инновациялық шешім ретінде ұсынылып отыр. EcoFarabi AI пайдаланушыларға күнделікті өмірде эколог


Алматы мектеп директорларына жұмысқа қабылдаудағы шектеулері түсіндірілді
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы Білім басқармасымен бірлесіп, Алматы қалалық мектеп директорларының қатысуымен білім беру мекемелеріне жұмысқа орналасатын тұлғаларға қатысты заңнамалық шектеулерді сақтау мәселесі бойынша Бөгенбей батыр 145 мекенжайындағы мәжіліс залында семинар-кеңес өткізілді. Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 26-бабында кәмеле


Педагогтер жасанды интеллектіні қолдануда нені ескеруі тиіс: әдістемелік ұсыным әзірленді
Қазақстанда ЖИ технологияларын мектеп тәжірибесіне енгізудің әдістемелік негіздері бекітілді. Тиісті талаптар мен шектеулер Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген құжатта нақтыланды. Әдістемені әзірлеудегі басты ұстаным жасанды интеллект мұғалімді алмастырмайды деген қағида. Жасанды интеллект тек сабақ дайындауға, материалды бейімдеуге, талдау жасауға көмектесетін құрал ретінде қарастырылады. Оқушыны бағалау, оқу мазмұнын таңдау және соңғы шешім қабылдау құқ


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
Осы тамаша мейрам – барша нәзік жандылар қауымына арналған ерекше сезім мен зор құрметтің жарқын көрінісі. Әйел – көңілге шаттық сыйлап, шабытқа қанат бітіретін көркемдік пен сұлулықтың символы, жасампаздық пен жаңашылдықтың қайнар көзі. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі әйел затынан бастау алады. Әйелдің жаны нәзік болса да, болмысы – мықты. Олар кез келген қиындықты еңсеріп, әрдайым даналық пен даралықтың, шыдамдылық пен батылдықтың, сенімділік пен жауапкершіліктің озық үлг


Қазақстанда 1 миллионға жуық азамат жасанды интеллект бойынша оқудан өтті: Мемлекет басшысының цифрлық елге мамандарды даярлау жөніндегі тапсырмасы қалай орындалып жатыр
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекет басшысының цифрлық және ЖИ-экономиканы құру үшін мамандарды даярлау жөніндегі тапсырмасының іске асырылу барысы туралы хабарлайды. «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауында Президент ЖИ саласында мамандарды жүйелі даярлаудың және цифрлық білім беруді дамытудың маңыздылығын атап өткен болатын. Осы міндеттерді іске асыру аясында министрлік ЖИ және цифрлық дағдыларды дамытуға бағытталған 5 жылдық оқыту б


Жастармен ашық диалог
Университетімізде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалициясының СҚО филиалының өкілдерімен, студент жастармен және ЖОО белсенділерімен алдағы конституциялық реформаларды талқылауға арналған диалог алаңы ұйымдастырылды. Жалпыұлттық коалициясының СҚО филиалының өкілі Жадыра Жолкенованың айтуынша қоғамның болашақ дамуы үшін студенттердің көзқарастары мен ұсыныстарына назар аудару қажет: «Бүгінде біз жастарға үлкен үміт артып оты


Қазақстан ғылымды жасанды интеллект арқылы нығайтуда: AI SilkNet орталығы ашылды
Жасанды интеллект пен цифрландыру жылы аясында Қазақстан ғылыми инфрақұрылымға ЖИ-ды интеграциялау бойынша стратегиялық қадам жасады. Алматыда өткен «Қазақстанның ғылым және технология форсайты: деректерден шешімдерге» атты стратегиялық сессияда цифрлық даму және жасанды интеллект вице-министрі Дмитрий Мун Министрліктің ұлттық ғылымды дамытудағы және предиктивтік аналитиканы енгізудегі рөлі туралы айтып берді. Бүгінгі күні 400-ден астам қатысушы - ғалымдар, министрліктер, инд


Алматы колледжінің студенттері Германия зауыттарында тағылымдамадан өтуде
Бүгін, 2026 жылғы 3 наурызда, Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Мұқажанова ТжКБ өкілдерімен кездесіп, неміс компанияларымен ынтымақтастықтың алғашқы нәтижелерін талқылады. Алматы электромеханика колледжінің базасында 2024 жылдан бері немістің дуальды оқыту жүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Осы жұмыстың нәтижесінде Janser Consult GmbH, BARMER, KROMER GmbH және Германияның басқа да жұмыс берушілерімен меморандумға қол қойылды. Негізгі


Жетісу университетінде «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында кітап бұрышы ашылды
Бүгін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті қабырғасында «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында кітап бұрышы ашылды. Бұл бастама жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және кітап оқу арқылы олардың рухани дамуына ықпал етуге бағытталған. Жиынға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Акерке Абылайхан, Жетісу облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығыны


ҚАТЗУ-да жалпыұлттық коалициясының өкілдерімен жаңа Конституция жобасы талқыланды
2026 жылдың 6 наурыз күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері оқытушылар және студенттермен кездесіп, жаңа Конституция жобасын түсіндірді. Кездесуге Астана қаласы мәслихатының депутаты, «Тұран Астана» университетінің ректоры Гүлжамал Жапарова, коалицияның қалалық штабының мүшелері Абай Құрманқұлов пен Арайлым Әбдуәлиева қатысты. Басқосуда қат


Қазақстан мектептерінде ерекше назарды қажет ететін балаларға педагогикалық сүйемелдеу енгізіледі
Еліміздің барлық мектептерінде ерекше педагогикалық назарды қажет ететін кәмелетке толмағандарға жеке педагогикалық сүйемелдеу енгізіледі. Бұл шара тәуекел тобындағы оқушыларды ерте анықтауға және оларға білім беру ұйымдарында мақсатты психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге бағытталған , «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Жаңашылдық 2025 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы қол қойған


Адам капиталы - ел дамуының өзегі: Білім беру саласындағы стратегиялық өзгерістер
«Казахстанская правда» газетінде Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың «Адам капиталын дамыту Президент реформаларының негізінде» атты мақаласы жарық көрді. Бұл еңбекте еліміздің орта білім беру жүйесіндегі түбегейлі трансформациялық процестерге жан-жақты талдау жасалған. Мақалада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр балаға, оның әлеуметтік мәртебесі мен тұрғылықты жеріне қарамастан тең мүмкіндіктер мен сапалы білім беруге негізделген әділ әрі тұрақты жүйе құру жөні


Қазақстан мен University of Arizona арасындағы стратегиялық серіктестік АҚШ-та таныстырылды
Финикс қаласында (АҚШ) 35-ші Ambassadors' Ball дипломатиялық қайырымдылық балы өтті. Іс-шара аясында Қазақстан құрметті қонақ мәртебесінде ұсынылды. Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл дәстүрлі бал дипломатиялық корпус өкілдерін, бизнес қауымдастығын, академиялық ортаны және қоғамдық ұйымдарды біріктіреді. Іс-шара халықаралық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ білім беру және мәдени бастамаларды қолдауға бағытталған , «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрліг


Жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 89 мыңға жуық оқушы орны пайдалануға берілді
Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Осы қаражат есебінен жаңадан білім беру ұйымдарын салу, жаңғырту немесе мектептерге жапсарлас құрылыс салу жүзеге асырылуда , «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Бүгінгі таңда Қор қаражаты есебінен 89 мың оқушы орнына арналған 81 мектеп пайдалануға берілді. Нысан


Итальян тілін оқыту орталығы Жетісу университетінде
2026 жылғы 2 наурызда Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне итальян тілінің оқытушысы Алессандро Грасси және «Letteratè» итальян тілін меңгеру орталығының директоры Любовь Грасси ресми іссапармен келді. Бұл сапар университеттің халықаралық ынтымақтастығын кеңейту және шет тілдерін оқыту сапасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмысының жалғасы болды. Кездесу барысында университет басшылығы Марке политехникалық университеті филиалының студенттері мен оқытушыларына итальян


Қазақстанда зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға арналған көмек кабинеттері ашылады
Еліміз бойынша зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға арналған мамандандырылған көмек кабинеттері ашылады. Бұл кабинеттерде кәмелетке толмағандарға «бір терезе» қағидаты бойынша кешенді қолдау көрсетіледі. Балаға қолайлы ортада алғашқы психологиялық көмектен бастап сот-медициналық сараптамадан өтуге және бейінді мамандардың қатысуымен сауалнама жүргізуге дейінгі барлық қажетті қызметтер бір жерде көрсетіледі. Бұл оның көптеген ұйымдарға бару қажеттілігін жойып, психология
bottom of page
