top of page

Жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 89 мыңға жуық оқушы орны пайдалануға берілді

Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Осы қаражат есебінен жаңадан білім беру ұйымдарын салу, жаңғырту немесе мектептерге жапсарлас құрылыс салу жүзеге асырылуда, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 



Бүгінгі таңда Қор қаражаты есебінен 89 мың оқушы орнына арналған 81 мектеп пайдалануға берілді. Нысандардың басым бөлігі Алматы, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында орналасқан. Барлық білім беру ұйымдары заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.


Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен барлығы 100 мыңға жуық оқушы орнына арналған 90 білім беру ұйымының құрылысы қаржыландырылды. Бұл шаралар еліміздің білім беру жүйесін ұзақ мерзімді дамытуға және жаңғыртуға бағытталған.


Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page