top of page
"Современное образование" республикалық журналының редакциясы
Издается с 1999 года
Наши телефоны: +7 727 377 31 43, WhatsApp +7 778 312 37 64, e-mail: info@bilim.expert Индекс издания по каталогу АО "Казпочта" - 75895
Search


Atyrau Oil and Gas University базасында Губкин университеті филиалына оқуға түсу емтиханы өтіп жатыр
Atyrau Oil and Gas University базасында Атырау қаласында ашылған И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті филиалына талапкерлерді қабылдау емтиханы өтіп жатыр. Биылғы қабылдау емтиханына еліміздің әр өңірінен, атап айтқанда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарынан талапкерлер келді. Талапкерлер математика және орыс тілі пәндері бойынша жазбаша сынақ тапсырады. 2026-2027 оқу жылына филиалға 100 білім беру гранты б


Qazaq Creative Hub алаңында балалар мен жастар үшін ұлттық қолөнерге тегін оқыту басталады
27 шілдеде Qazaq Creative Hub алаңында ұлттық қолөнер өнері бойынша білім беру бағдарламасы басталады. Жобаға қатысуға 8 бен 20 жас аралығындағы балалар мен жастар шақырылады. Курс аясында қатысушылар кәсіби шеберлерден тәжірибе алып, дәстүрлі қолөнердің 10 түрлі бағытын меңгеруге мүмкіндік алады. Ұйымдастырушылар жобаға қатысу толығымен тегін екенін атап өтті. Сонымен қатар, сабаққа қажетті барлық құрал-жабдықтар мен материалдар оқушыларға ұйымдастырушылар тарапынан беріледі


Жоғары білім беру саласындағы Қазақстан-Канада жобалары
Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасындағы Канада Төтенше және Өкілетті Елшісі Кристофер Дагганмен кездесу өткізді, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Кездесу барысында тараптар жоғары білім, ғылым, инновациялар және академиялық ұтқырлық салаларындағы Қазақстан-Канада ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен оны дамытудың перспективалық бағыттарын талқыла


Қазақстандық автомобиль жасау саласындағы роботтар: ғалымдар мен университеттер инновацияларды енгізуде
14-15 шілде күндері Қостанай қаласында Allur өндірістік алаңында Қазақстанның автомобиль жасау кәсіпорындарын роботтандыру және өнеркәсіптік автоматтандыру мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Іс-шара барысында отандық кәсіпорындарды роботтандырудың келешегі, ғылым мен өндірістің өзара ықпалдастығын күшейту, ғылыми әзірлемелерд


Мектеп оқулықтарына қосымша сараптама жүргізілді
Қазіргі таңда Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылына арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің тізбесін бекіту және білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес барлық оқулықтарға қосымша сараптама жүргізілді. Оқулықтардың сапасы Үкіметтің ерекше бақылауында. Бұған дейін Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева қосымша тексеру бар


Алтын Орда тарихын оқытудың инновациялық тәсілдері енгізіледі
Бүгін Абай университетінде «Мектеп және жоғары оқу орнындағы білім берудегі Алтын Орда тарихы» атты халықаралық ғылыми дөңгелек үстел өтті. Отандық және шетелдік жетекші ғалымдар, тарихшылар мен педагогтар Жошы ұлысының мұрасын заманауи білім жүйесіне интеграциялаудың жаңа тұжырымдамасын талқылап, мектеп оқулықтары мен ЖОО білім беру бағдарламаларын жаңғыртуға бағытталған қарар қабылдады. Халықаралық басқосу Алтын Орданың ортағасырлық Еуразия тарихындағы, соның ішінде қазақ м


1-сыныпқа құжат қабылдау жалғасуда
Еліміздегі барлық мемлекеттік мектептерде, оның ішінде «Келешек мектептерінде» де, 1-сыныпқа құжат қабылдау жалғасуда. Өтінішті OQU ұлттық білім беру платформасы (oqu.edu.kz), eGov электрондық үкімет порталы арқылы немесе білім беру ұйымына тікелей барып, қағаз түрінде беруге болады. «Келешек мектептеріне» қабылдау кезінде мектептің қызмет көрсету аумағында тұратын балалар басым құқыққа ие. Сонымен қатар, бос орын болған жағдайда ата-аналар (заңды өкілдер) кез келген мемлекет


Қазақстандық оқушылар Гонконгте робототехника жарысында топ жарды
Қазақстандық оқушылар халықаралық FIRST LEGO League Hong Kong Championship 2026 чемпионатында ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Биылғы чемпионатқа әлемнің 30-дан астам елінен 120 үздік команда, 900-ден астам оқушы қатысты. Халықаралық білім беру және робототехника саласындағы беделді алаңдардың біріне айналған жарыста Алматы қаласынан қатысқан екі команда жүлделі орындарға ие болды. PhysTech School Almaty мектебінің «PEAK» командасы чемпионаттың ең


«Ғылым ордасы» мен Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы ғылым саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады
2026 жылғы 14 шілдеде «Ғылым ордасы» РМК бас директоры Нұрлан Сейдін Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Туғба Алан Өзденфедакармен (Tuğba Alan Özdenfedakar) кездесті. Кездесуге Түркия Республикасының Білім жөніндегі атташесі Шүкрү Көсе (Şükür Köse) және «TÜRKTAV» түркі тарихы мен мәдениеті қорының атқарушы директоры Әсел Лахаева қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты — Қазақстан мен Түркия арасындағы ғылым, білім және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты н


С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті ШЫҰ елдері ауыл шаруашылығы университеттері ректорларының V форумына қатысты
2026 жылғы 6–9 шілде аралығында Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің ұйымдастыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің ауыл шаруашылығы университеттері ректорларының V форумы және Жібек жолы ауыл шаруашылығы білімі мен ғылыми инновациялар альянсының XI жыл сайынғы конференциясы өтті. Форум «Технологиялық инновациялар – болашақ ауыл шаруашылығына бастар жол, өзара тиімді ынтымақтастық –


Астанада 2035 жылға дейінгі Бас жоспар аясында 140-қа жуық жаңа мектеп салу көзделген
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында 2035 жылға дейін 140-қа жуық жаңа мектеп салу жоспарланғаны туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Білім беру жүйесін дамыту кешенді тәсілді талап етеді. Сол себепті біз заманауи білім беру ұйымдарын салумен қатар, педагог мамандарын даярлау ісіне де ерекше көңіл бөліп келеміз. Мәселен, соңғы жылдары педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге арналған


Запастағы әскери міндеттілер қайта даярлау жиындарына кірісті
Қазақстан Қарулы күштерінде әскери міндеттілермен өтіп жатқан бір айлық оқу жиындары әскери даярланған резервті қалыптастыруға және запастағы азаматтардың практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Гвардейск гарнизонының 22326 әскери бөлімінде Алматы және Жамбыл облыстары мен Алматы қаласынан келген 236 әскери міндетті қайта дайындыққа кірісті. Бір ай бойы олар сұранысқа ие әскери-есептік мамандықтар бойынша білімдерін жетілдіреді. Байланыс, барлау және артиллерия маманд


233 мың талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды
233 мыңға жуық талапкер 2026 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды. Оның ішінде 73,1%-ға жуығы қазақ тілінде, 26,8%-ы орыс тілінде, 383 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатысу мүмкіндігі ұсынылды. Осылайша, 233 мың талапкер ҰБТ-ны 422 мың рет тапсырды (2025 ж


Физикадан тарихи триумф: Қазақстан әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленді
Қазақстан құрамасы физикадан ең беделді халықаралық білім додасында ел тарихындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді. 2026 жылғы 4-12 шілде аралығында Колумбияның Букараманга қаласында өткен 56-шы Халықаралық физика олимпиадасында (International Physics Olympiad, IPhO) ұлттық құраманың бес мүшесі де алтын медаль жеңіп алды. Биылғы олимпиадаға әлемнің 85 елінен 381 оқушы қатысты. Қатысушылар күрделі теориялық және эксперименттік тапсырмаларды орындап, білімдері мен ғылыми даярлық


Грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды
2026 жылғы 13 мен 20 шілде аралығында талапкерлерден гранттар конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылданады. Құжаттарды жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы офлайн (виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн) немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болады. Грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын, 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері үшін диплом) тапсыру керек. С


Археологиялық сенсация: Baitursynuly University ғалымдары неолит дәуіріне жататын бірегей жерлеу орындарын анықтады
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ғалымдары Қостанай облысы Әулиекөл ауданында жүргізілген археологиялық зерттеулер барысында б.з.д. VII-V мыңжылдықтарға жататын неолит дәуірінің үш қорымды анықтады. Мамандардың алдын ала қорытындысына сәйкес бұл олжа Қазақстан аумағындағы тас дәуірі археологиясын зерттеу үшін маңызды ғылыми дерек болып саналады. Экспедиция барысында ежелгі тұрғын үйлердің едені астынан бір баланың және екі ересек адамның жерленген


Аризона университетімен бірлескен қос диплом бағдарламалары бойынша Қазақстанда алғашқы түлектер оқуын аяқтады
Бүгін Петропавл қаласында Kozybayev University мен Аризона университетінің бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша білім алған алғашқы түлектерге бірден екі диплом – қазақстандық және америкалық жоғары оқу орындарының дипломдары табысталды. Салтанатты рәсім жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды кезең болды, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Жоғары білім


Қарағандылық 13 жастағы жасөспірім FPV-дрондарды басқару бойынша әлемнің үздік пилоттарының қатарына енді
Қарағандылық 13 жастағы Тимофей Муравьёв FPV-дрондар жарысындағы көшбасшылық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Алматыда өткен халықаралық MultiGP іріктеу кезеңінде ол Қазақстан пилоттары арасында ең үздік нәтиже көрсетіп, әлемнің ең мықты спортшыларының қатарына еніп, дүниежүзілік рейтингте 12-орынға тұрақтады. Жарысқа Қазақстан мен Ресейден келген 26 пилот қатысты. Турнир FPV-дрондар жарысын ұйымдастыратын әлемдегі ең ірі платформа – америкалық MultiGP жүйесінің ережелері б


ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Аризона университетінің президентімен кездесті
Астанада ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Аризона университетінің президенті Суреш Гаримелламен кездесу өткізді, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Кездесуге Аризона университеті делегациясының өкілдері, аталған жоғары оқу орнымен стратегиялық серіктестікті табысты жүзеге асырып келе жатқан М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ректоры, сондай-ақ ҚР Туризм ж


Астанада қауіпсіздік тақырыбында оқушыларға арналған профилактикалық кездесу өтті
Астанада С. Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында қалалық прокуратураның өкілдері «Қауіпсіз жаз: Заңды біл – өзіңді және өзгелерді құрметте» тақырыбында профилактикалық кездесу өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері, құқық бұзушылықтың алдын алу, су айдындарындағы, көшедегі және интернет кеңістігіндегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары түсіндірілді. Қатысушылармен бірге түрлі өмірлік жағдайлар талқыланып, заң талаптарын сақтауд
bottom of page
