top of page

Грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды

2026 жылғы 13 мен 20 шілде аралығында талапкерлерден гранттар конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылданады. Құжаттарды жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы офлайн (виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн) немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болады.



Грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын, 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері үшін диплом) тапсыру керек. Сондай-ақ бар болған жағдайда жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынылады.


Білім беру гранттары конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ нәтижелері бойынша келесі шекті баллдар белгіленген:


✔ «Педагогикалық ғылымдар» және «Құқық» бағыттары бойынша – кемінде 75 балл;


✔ «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша – кемінде 70 балл;


✔ «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» мен «Ветеринария» бағыттары бойынша – кемінде 50 балл;


✔ ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 65 балл;


✔ басқа жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 50 балл.


Естеріңізге сала кетсек, жоғары оқу орындары білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға қабылдау үшін өз шекті баллдарын өздері белгілеуге құқылы.


Ауылдық жерлерден шыққан және әлеуметтік осал топтарға жататын талапкерлерді қолдау мақсатында қабылдау науқаны аясында арнайы шаралар қарастырылған. Атап айтқанда, гранттар конкурсына қатысу барысында мемлекет бекіткен квоталар бар.


Айта кетейік, 2026 жылы «Цифрлық университет» қағидатын жүзеге асыру жалғасады: үдерістердің басым бөлігі автоматтандырылған, бұл конкурстық іріктеудің ашықтығын арттырады.


Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page