top of page

Астанада қауіпсіздік тақырыбында оқушыларға арналған профилактикалық кездесу өтті

Астанада С. Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында қалалық прокуратураның өкілдері «Қауіпсіз жаз: Заңды біл – өзіңді және өзгелерді құрметте» тақырыбында профилактикалық кездесу өткізді.



Іс-шара барысында оқушыларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері, құқық бұзушылықтың алдын алу, су айдындарындағы, көшедегі және интернет кеңістігіндегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары түсіндірілді. Қатысушылармен бірге түрлі өмірлік жағдайлар талқыланып, заң талаптарын сақтаудың маңызы мен өз әрекеттерінің салдарын түсіну қажеттігі атап өтілді.


Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған пайдалы ақпарат алды. Іс-шара өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және жауапты азаматтық ұстанымын нығайтуға ықпал етті.

© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page