top of page
Search

Абай университетінде педагогикалық білім беруді дамыту перспективалары талқыланды

Абай университетінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы Оқу-әдістемелік бірлестігінің «Педагогикалық білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесінің перспективалары мен дамуы» тақырыбында кеңейтілген мәжілісі өтті. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Оған ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен педагогикалық бағыттағы кадрларды даярлауды қамтамасыз ететін еліміздің 50 жоғары оқу орнының, облыстық және қалалық білім басқармаларының, орта және орта арнаулы оқу орындарының өкілдері қатысты.


Іс-шараны ашқан Абай университетінің ректоры Дархан Біләлов салалық министрлік өкілдерінің қатысуымен өткен бұл жиынның маңыздылығына тоқталып, талқыланған мәселелердің педагогикалық білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.


Қатысушылар «Білім беру және оқыту» пәндік саласы бойынша QS WUR Халықаралық рейтингінің өлшемдерін, «ҚР педагогикалық әлеуетін күшейту» жобасы аясында әзірленген білім беру бағдарламалары, білім беру сапасын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесі, педагогикалық білім беруді аккредиттеудің ұлттық стандарты, аккредиттеу педагогикалық білім беру сапасын сыртқы қамтамасыз ету жүйесінің құралы ретінде: кейстер және талдау туралы өзекті мәселелер талқылады.


Отырыстың екінші жартысында педагогикалық білім беру сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесінің жекелеген мәселелері бойынша тақырыптық баяндамалар тыңдалды. Бұл бағытты одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар да айтылды.



Comentarios


bottom of page