Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды
- Редакция "СО"
- May 28
- 1 min read
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова 1971 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
1993 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Физика-информатика» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1988 жылы Қызылорда облысындағы «Жас сұңқар» пионер лагерінде тәрбиеші болып бастады.
1993-2005 жылдар аралығында Шымкент, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында мектепте математика және информатика пәндерінің мұғалімі болып қызмет атқарды.
2005-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жүйесінде басшылық қызметтерде жұмыс істеді.
2018-2020 жылдары Қызылорда облысының білім басқармасын басқарды.
2020 жылғы ақпаннан 2021 жылғы тамызға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Содан кейін ҚР ОМ Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары қызмет атқарды
Comments