top of page
Search

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы: талант үшін мықты іргетас



Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы – түлектері әлемдік және ұлттық мәдениет пен өнердің алтын қорын құрайтын, шығармашылықтың зиялы қауымын дайындайтын мәдениет пен өнер саласындағы шығармашылық білім берудің жоғары стандарттарының үлгісі әрі ғылыми кадрлар мен жоғары кәсіби мамандарды дайындайтын ірі ғылыми оқу ордасы.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледж, академия сияқты үздіксіз білім беру моделін жүзеге асырады.


Өнер саласындағы мамандарды кәсіби даярлау ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастау алады. Бұл біздің мемлекетіміздің тарихымен, Қазақстанның өнер саласына кадрлар даярлау тарихымен тығыз байланысты.

1955 жылы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік өнер институтында (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) Қазақ КСР Халық әртісі А.Т. Тоқпанов «Актерлік шеберлік және режиссура» кафедрасын құрды. Осы кафедра негізінде 1978 жылы Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институты (АМТКИ) құрылды. Осы кезеңнен бастап Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының тарихы басталады. 1989 жылы 9 қаңтарда Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтына (АМТКИ) көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, халық комиссары, ұлттық мәдениетіміздің қайраткері, Қазақстанның білім, мәдениет және өнер саласын дамытуға зор үлес қосқан публицист Темірбек Қараұлы Жүргеновтың (1898-1938) есімі берілді. Ал,

2001 жылдың шілдесінде Академияға «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» ерекше мәртебесі берілді.


Қазіргі уақытта академияда: «Театр өнері», «Кескіндеме, мүсін және дизайн», «Кино және телевизия», «Хореография», «Өнертану», «Музыкалық өнер» сияқты 6 факультет және «Компьютерлік технологиялар», «Арт-менеджмент және продюсерлеу», «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар», «Шет тілі және ҚХА» сияқты кафедралар жұмыс істейді.


ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҰЖЫМ – АКАДЕМИЯНЫҢ МАҚТАНЫШЫ

Академия педагогтары – мәдениет пен өнердің нағыз жұлдыздары, біздің елімізде ғана емес, алыс және жақын шет елдерге танымал тұлғалар. Мысалы, PhD М. Құлсейітова басқаратын «Театр өнері» факультетінде отандық мәдениеттің мақтанышы, Қазақстанның Еңбек ері, КСРО халық әртісі, Қазақстанның халық әртісі, профессор А. Әшімов; сондай-ақ, Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің және екінші және бірінші дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, профессор Е. Обаев; Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» және «Достық» ордендерінің иегері, өнертану кандидаты, профессор Т. Жаманқұлов, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері Р. Машурова; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық сыйлықтардың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, профессор Ә. Рахимов сынды аға буын өнер тұлғалары еңбек етіп келеді.



Сонымен қатар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құлагер» ұлттық киносыйлығының иегері Б. Айтжанов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Жастар одағы сыйлығының лауреаты, «Сахнагер» ұлттық театр сыйлығының лауреаты Д. Ақмолда, Қазақстан жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты, Б.Момышұлы атындағы «Намыс» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е. Дайыров және басқа да танымал актерлер факультетте өнер мен оқытушылықты ұштастыра отырып дәріс беріп жүр.

Академия ұжымы өз шеберліктерін заманға сай жетілдіре отырып, шығармашылық қызметпен белсенді түрде айналысады. Бұған профессорлық-оқытушылық құрамның айрықша шығармашылық жетістіктері куә.

Соңғы жылдары 50-ден астам көркем, деректі және анимациялық фильм түсірілді, 200-ден астам фильм мемлекеттік тілге аударылды, 15 театр қойылымы жасалды, 40-тан астам концерт пен бенефис өткізілді, 16 хореографиялық қойылым сахналанды.


2008 жылдан бастап «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Б. Байділда басқарып келеді. Факультетте «Көркемсурет», «Сәндік өнер», «Дизайн», «Сән және костюм дизайны» кафедралары бар.

Қазақстан мен шет елдерде танымал Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекет сыйлығының лауреаты, «Құрмет», «Барыс» ордендерінің кавалері, профессор Е. Сергебаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Б. Тұрғынбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор А. Бапанов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор С. Бапанова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А. Дүзелханов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ж. Қайрамбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е. Даубаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері М. Жұмағұлов, «Дарын» сыйлығының иегері М. Муканов сияқты танымал суретшілер аталған факультетте жұмыс жасап келеді.

Академия оқытушыларының, сондай-ақ, жетекші өнер қайраткерлерінің үлкен шығармашылық қуатының арқасында «Өнертану» факультеті қарқынды дамуда. Факультетте: «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы», «Театр өнерінің тарихы мен теориясы», «Кино тарихы мен теориясы» сынды үш кафедра бар. Факультетті өнертану кандидаты, профессор М. Жаксылыкова 2019 жылдан бастап басқарып келеді.

Факультетте: Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, жазушы-драматург, профессор Д. Исабеков; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, профессорлар, кинотеледраматургтер: С. Балғабаев пен С. Елубай; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер, доцент Д. Өмірбаев, кинотанушылар: доцент, PhD Б. Нөгербек; доцент, PhD А. Айдар; аға оқытушы, PhD А. Машурова; театртанушылар: өнертану докторы, профессор Б. Нұрпейіс, өнертану кандидаттары, профессорлар: С. Қабдиева, А. Еркебай, З. Исламбаева; өнертанушылар: өнертану кандидаттары, профессорлар: Х. Труспекова, О. Батурина, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Қ. Оразқұлова және көптеген өнертану магистрлері мен оқытушылар білім береді.



Кинотанушы, өнертану кандидаты, доцент Г. Мурсалимова 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Кино және телевизия» факультетінің деканы.

Факультеттің шығармашылық шеберханаларында көрнекті кино және телевизия қайраткерлері: ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Д. Манабай, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Ғ. Абильдина, Ерең еңбегі үшін медалінің иегері, доцент Н. Лаврик, доцент А. Байгожина, Ш. Айманов атындағы киностудияның вице-президенті, PhD С. Абишев, А. Влазнев, А. Байтанаев, Р. Қосай, экрандық өнер режиссурасы кафедрасының меңгерушісі, PhD М. Бакеева, дыбыс режиссурасы және операторлық өнер кафедрасы меңгерушісінің м.а., аға оқытушы С. Баймуханова және басқа оқытушылар өз жұмыстарын жалғастырып келеді.

Қазақстандық хореографияның болашағына «Хореография» факультетінің қазіргі профессор-оқытушылар құрамы, атап айтқанда, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Р. Байсейітова; профессор К. Андосов; Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор Н. Гончарова; Қазақстанның халық әртісі Г. Туткибаева, «Достық» орденінің иегері, профессор Л. Ким, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Д. Сушков; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, доцент Г. Габбасова, өнертану кандидаты, профессор Л. Жуйкова; педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Л. Николаева; ҚР мәдениет қайраткері А. Жумагалиева және басқалар үлкен үлес қосуда.

Осы жылдар ішінде факультет қазіргі кезеңде хореографиялық мұраны сақтау және дамыту міндеттерін шешуге және өзінің идеялары мен тәжірибесін әлемдік білім беру кеңістігіне біріктіруге қабілетті Қазақстанның хореографиялық өнерінің ғылыми-әдістемелік және мәдени-білім беру орталығына айналды. Қазіргі таңда факультет деканы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, доцент Г. Габбасова.



Өнертану кандидаты, аға оқытушы З. Касимова басшылық ететін «Музыкалық өнер» факультетінде бірнеше жылдар бойы музыка өнері мен орындаушылық саласындағы белгілі өнер қайраткерлері жоғары кәсіби шеберліктерін көрсетіп, оны өзінің тәрбиеленушілеріне табыстап келеді.

Факультетте «Эстрада өнері» бойынша «Эстрадалық вокал» кафедрасының меңгерушісі Г. Қаспақова, «Эстрада оркестрінің аспаптары» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандитаты, қауымдастырылған профессор Ж.Е. Абельтаева, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Л.К. Кесоглу; Қазақстанның халық әртісі, профессор Н.Х. Есқалиева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, PhD С. Майғазиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану кандидаты, профессор Т. Забирова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор А. Оренбургский, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е. Ынтықбаев, ҚР мәдениет саласының үздігі В. Баннов, П. Ропа сияқты оқытушылар білім берсе, «Дәстүрлі музыкалық өнер» бойынша «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының меңгерушісі, ҚР мәдениет саласының үздігі, PhD, аға оқытушы Н. Бекмолдинов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, қауымдастырылған профессор А.Ш. Қосанова, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР мәдениет қайраткері, өнертану кандидаты, профессор Т. Мукышев, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, доцент Р. Стамғазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, доцент Н. Джампеисов, ҚР мәдениет қайраткері, доцент М. Әбуғазы сынды оқытушылар өнер мен педагогиканы қатар алып келеді.

Академия оқытушыларының басты мақсаты – өткеннің ұлттық салт-дәстүрлерін, бүгіннің жаңашылдығы мен болашақтың шығармашылығын шебер үйлестіре алатын шығармашылық жастарды тәрбиелеу және оқыту.

Академия түлектері шығармашылық мамандықтардың үздік өкілдерінен білім алып, өнердің ең биік шыңдарын бағындыруда және Қазақстанның бірегей мәдениетін бүкіл әлемге дәріптейтін болады.




АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТЕРДЕГІ КӨРСЕТКІШТЕР

«Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарына сұраныстың тәуелсіз рейтингі – 2022» өнер және гуманитарлық ғылымдар бағыты бойынша даярлауда академия өз көрсеткіштерін жақсартты: Бакалавриат – 2 орын; магистратура – 3 орын және докторантура – 5 орын.

«Атамекен» тәуелсіз кәсіпкерлер палатасы жүргізген рейтингте академияның 3 (БББ) білім беру бағдарламасы жақсы нәтиже көрсетті: атап айтқанда, «Сән, дизайн» – 9 білім беру бағдарламасының арасында 1 орын; «Хореография» – 6 білім беру бағдарламасының арасында 2 орын және «Дизайн» – 18 білім беру бағдарламасының арасында 8 орын.

2018 жылы Қазақстан Республикасының аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі институционалдық қайта аккредиттеу жүргізді, оның нәтижесінде академия 5 жыл мерзімге аккредиттелді. 2023 жылы біз жаңа аккредитациядан өтуді жоспарлап отырмыз.



Бакалавриат пен магистратураның 6 білім беру бағдарламасы дәстүрлі музыка өнері, дизайн және хореография «ACQUIN» халықаралық аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институтының сертификатына ие.

Сондай-ақ, бакалавриат, магистратура және докторантураның 54 білім беру бағдарламасы «АРТА» халықаралық тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің сертификатын иеленген.

2021 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжі аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (НAAР) сыртқы сараптау комиссиясының халықаралық аккредитациясынан 5 жылға сәтті өтті.

Академия жанындағы мектеп-интернат ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» мектеп-интернаты» РММ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 шілдедегі «Мамандандырылған білім беру ұйымдарының желісін және дарынды балалармен жұмыс жөніндегі оқу-әдістемелік кеңес туралы ережені бекіту туралы» № 428 бұйрығына сәйкес және мамандандырылған білім беру ұйымдарының желісіне енгізілді.




ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ – КАДРЛАРДЫ САПАЛЫ ДАЯРЛАУДЫҢ КЕПІЛІ!

Академияда дуальды оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы «Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» №50 бұйрығына сәйкес бірнеше білім беру бағдарламалары бойынша іске асырылуда.

Дуальды оқытуға байланысты академияның ережесіне сай оқу үрдісінің 60%-ы академияда өтсе, 40%-ы өндіріс орнында өтеді.

1. В027 Театр өнері /Актерлік өнер/ «Драма театры және кино артисі» білім беру бағдарламасы бойынша Мемлекеттік Республикалық академиялық неміс драма театры базасында;

2. В027 «Театр өнері» тобы бойынша «Музыкалық театр артисі» білім беру бағдарламасы бойынша Мемлекеттік Республикалық корей музыкалық комедия театры базасында; Куддыс Қожамияров атындағы Мемлекеттік Республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры базасында;

3. 5В040600 Режиссура, «Цирк режиссурасы» мамандандыруы бойынша Қазақ Мемлкеттік циркінің базасында;

4. В028 Хореография/ Хореография БББ бойынша Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театры базасында; Мелекеттік Республикалық корей музыкалық комедия театрының базасында келісімшартпен оқытылуда.

Дуальды оқытудың ұтымды жағы – студенттердің театрлардың ағымдағы репертуарларында жұмыс істей жүріп тәжірибе жинауында. Осы академияны дуальды оқумен бітіріп жатқан түлектердің толық құрамда сол кәсіпорында жұмыспен қамтамасыз етілуі бұған дәлел бола алады.




БОЛАШАҚ ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АКАДЕМИЯМЕН ҚАЛАЙ ЖАҚЫНЫРАҚ ТАНЫСУҒА БОЛАДЫ

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында еліміздің өңірлеріндегі мектеп, колледж түлектеріне жоспарлы кәсіби бағдар беру іс-шаралары жыл сайын өтеді. Мысалы, биыл академияда арнайы байқаулар өтті. Атап айтатын болсақ, «Хореография» факультетінде «Ұлы дала жастары», «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінде «Үкілі үміт», «Өнертану» факультетінде «Топжарған», «Театр өнері» факультетінде «Infinity», «Сценография» кафедрасында «Дарынды сценограф», «Дәстүрлі музыка өнері» кафедрасында «Жас екпін», «Музыкалық өнер» факультетінде «Жас дарын», «Кино және телевизия» факультетінде «Таланттар шоғыры» атты талапкерлерге арналған конкурстар жыл сайын жоспарлы түрде өткізіледі.

Сонымен қатар, талапкерлерді академиямен және академияға оқуға түсу шарттарымен таныстыру, талапкерлердің қызығушылығын арттыру мақсатында дәстүрлі түрде «Ашық есік күндері» өткізіліп тұрады.


ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ

Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның Диссертациялық кеңесі Орталық Азия мен Қазақстан өнері саласындағы ғылымды дамытуда маңызды рөл атқарады.

2015 жылдан бері Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясы Будапешт қаласында (Венгрия) «Қазіргі әлемнің мәдениетаралық байланыстары – Венгрия және Қазақстан жаһандану әлемінде» мәдениетаралық ғылыми тобы аясындағы халықаралық ғылыми жобаның жұмысына қатысуда.

Сондай-ақ, өнер академиясы Британдық Goldsmiths компаниясымен, Лондон университетімен және Алматы Impact Hub компаниясымен бірлесіп, British Council Creative Spark жоғары білім саласындағы кәсіпкерлік бағдарламасының грантын іске асыруда. Бұл бағдарлама бес жылға есептелген және студент жастардың шығармашылық-іскерлік дағдыларын дамытуға, студенттерге, оқытушыларға және университет қызметкерлеріне ағылшын тілін үйретуге бағытталған.

Creative Spark бағдарлама-сының мақсаты – келер ұрпаққа әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу дағдыларын дамыту мүмкіндігін беру.


Академияда студенттердің ғылыми зерттеулеріне ерекше көңіл бөлініп келеді. Егер 2017-2018 оқу жылында жыл сайынғы республикалық ҒЗЖ байқауының жеңімпаздары саны 15 студент болса, 2020-2021 оқу жылында академияның 21 студенті, 2021-2022 оқу жылында академияның 16 студенті жеңімпаз атанды.

2021-2022 оқу жылында студенттердің ғылыми-шығармашылық жұмыстарына да авторлық сертификаттар мен патенттер алынды.

Егер 2019-2020 оқу жылында 14 патент алынса, 2020-2021 оқу жылында – 17 патент, ал 2021-2022 оқу жылында – 57 патент алынды. Соңғы оқу жылында бұл көрсеткіш үш есеге өсті.

Академия қабырғасында Орта Азия мен Қазақстан өнеріндегі соңғы ғылыми ізденістерді насихаттайтын ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған журналдар тізіміне кіретін «Орталық Азия өнертану журналы» (Central Asian Journal of Art studies) атты ғылыми журналы жылына 4 рет жарық көреді.


АКАДЕМИЯНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫ

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы бірқатар шетелдік жоғары оқу орындарымен және өнер мекемелерімен, оқу орталықтарымен аймақтық және жаһандық деңгейде халықаралық ынтымақтастықты сәтті жүзеге асыруда.

2021-2022 оқу жылында академия 26 мемлекеттің (Польша, Оңтүстік Корея, Латвия, Түркия, Чехия, Австрия, Италия, Германия, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан және т.б.) 56 шетелдік жоғары өнер оқу орнымен бірлескен шығармашылық туралы ынтымақтастық келісімшарттар бойынша жұмыс атқарды.


2021-2022 оқу жылында академияның Стратегиялық жоспарына сәйкес әртүрлі мамандықтар бойынша халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасымен 27 студент Еуропаның және ТМД елдерінің ЖОО-ларында білім алды.

Сонымен қатар, 2021-2022 оқу жылында Академия Эразмус+ бағдарламасының «Халықаралық кредиттік ұтқырлық» жобасы аясында Рим Ұлттық Би Академиясы (Италия), Вена қаласының танымал музыка және джаз жеке университеті (JAM MUSIC LAB) (Австрия), Оулу қолданбалы ғылымдар университеті (Финляндия) сияқты европалық ЖОО-мен белсенді жұмыс істеді.

2021-2022 оқу жылында академияда 27 шетелдік студент оқыды. Олардың арасында ҚХР, Ресей, Өзбекстан, Жапония, АҚШ және басқа елдерден келген студенттер бар.


АКАДЕМИЯ СТУДЕНТТЕРІ ДЕГЕН КІМ?

2021-2022 оқу жылының қыркүйек айында бакалавриат бойынша контингент саны 1955 болса, 2022-2023 оқу жылында 2006 студент болды.

2021-2022 оқу жылында магистратура бойынша 122 магистрант болса, 2022-2023 оқу жылына 119 магистрант білім алды.

2021-2022 оқу жылында 13 докторант білім алса, 2022-2023 оқу жылына 16 докторант оқыды.

Жоғарғы оқу орнының маңызды көрсеткіштерінің бірі – студенттердің оқу үлгерімі және білім сапасы. 2021-2022 оқу жылында студенттердің оқу үлгерімі 90% болса, білім сапасы 82% болды.

Биылғы оқу жылында академияны бакалавриат бойынша – 587, магистратура бойынша – 59, докторантура бойынша – 3 түлек оқуын аяқтамақшы.

Академияның білім алушылары Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясының иегерлері болып табылады. Сондай-ақ, ҚР Үкіметі тағайындайтын мемлекеттік атаулы стипендиядан академияға 7 орын бөлінген. Әрбір сессияның қорытындысы бойынша жақсы оқыған, конкурс, олимпиада, фестивальдардан жүлделі орын алып, академияның ішкі іс-шараларына атсалысып жүрген студенттерге атаулы стипендия тағайындалады. ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың стипендиясының (Назарбаев стипендиясы) соңғы 3 жылдағы иегері.

Академияның 127 студенті 17 халықаралық және 29 республикалық байқауға қатысып, оның ішінде 62 студент жүлделі орындарға ие болды.

Академия базасында жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңгені қамтитын ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған музыкалық білімі жоқ орта және ЖОО студенттерінің арасындағы «Отаным – бақ мекенім» республикалық патриоттық әндер байқауы, Халықаралық «Қызғалдақ – 2022» конкурс-пленері секілді халықаралық және республикалық конкурс ұйымдастырылып отырады.

6 факультетте оқитын студенттердің ішінен 117 студент дарынды деп танылды. Аталған студенттердің шығармашылығына аса көп көңіл бөлінеді. Халықаралық және республикалық конкурстарға дайындауға, олардың жүлделі орынмен оралуына дайындық жұмыстары барынша қарқынды жүргізіледі.Академия түлектері мәдениет пен өнер саласындағы ұйымдарға жұмысқа орналасу жағынан әрдайым жоғары сұранысқа ие. Бюджеттік негізде оқуын аяқтаған академия түлектерінің мамандық бойынша жұмысқа орналасуы 2022 жылы бакалавриат деңгейінде 72%-ды, магистратура бойынша 81%-ды және докторантура бойынша 100%-ды құрады.

Академияның болашақ студенттеріне академияның жанындағы мектеп-интернатта және колледжде білім алуына болады. Мектеп-интернатта 194 оқушы (7, 8, 9 сынып) оқиды.

Колледжде әртүрлі мамандық бойынша 389 студент білім алып жатыр.

Академияда білім алу өте қызықты. Дегенмен, үздіксіз еңбек етуге және өзін үнемі жетілдіруге дайын студенттерге академия сапалы білім беруге және өмірлік берік іргетасын қалыптастыруға кепілдік береді!


Азамат САТЫБАЛДЫ

Темірбек Жүргенов атындағы

өнер академиясының ректоры

 

АННОТАЦИЯ


В статье автор, заслуженный деятель Казахстана, ректор КазНАИ им. Т. Жургенова Азамат Сатыбалды рассказывает об учебном процессе в академии, где готовят специалистов в области культуры и искусства на шести факультетах: «Театральное искусство», «Кино и ТВ», «Хореография», «Живопись, скульптура и дизайн», «Искусствоведение», «Музыкальное искусство». Академия гордится своим преподавательским составом. В вузе создаются все необходимые условия для получения качественного образования и комфорта студентов. Вуз реализует модель непрерывного образования – при нем функционирует школа-интернат и колледж.


Recent Posts

See All

Әуезов Университетіне шетелдік мамандар мен ғалымдарды тарту тәжірибесі

Білім берудің жаһандануы, интеграциясы және интернационалдандырылуы соңғы онжылдыққа тән әлемдік үрдістердің бірі болып табылады. Білім беруді интернационалдандыру бүгінде әлем елдерінің білім беру са

Comments


bottom of page