2023 жылғы 17 ақпанда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ведомствоға қарасты ұйымдардың және министрліктің ұжымымен кездесті. ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігі сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды. Кездесу барысында Қазақстан Республикасында 2023-2029 жылдарға арналған жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасының жобасы талқыланып, таныстырылды.
Бұл тұжырымдама саланы дамытудың 3 тұжырымдамасын біріктіру арқылы ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес әзірленді. Бірыңғай тұжырымдама үш негізгі тараудан тұрады: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, өмір бойы білім алу және ғылым. Сондай-ақ, Тұжырымдама жобасында 16 бағыт және 16 нысаналы индикатор, 120 іс-шара көзделген.
2029 жылға қарай саланы дамыту бойынша: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне қанағаттану деңгейін 78% - ға дейін ұлғайту; шетелдік жоғары оқу орындары филиалдары санының 12 бірлікке дейін және оқытушылық қызметке тартылған шетелдік сарапшылар санының 1400 адамға өсуі; халықтың қызметтер спектріне және бейресми білім беру сапасына қанағаттану деңгейін 50% - ға ұлғайту; ғылымға жұмсалатын шығыстар үлесінің ішкі жалпы өнімнен 1% - ға дейін өсуі күтіледі.
Жалпы, тұжырымдаманы іске асыру жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің қолжетімділігіне, жоғары білімнің инфрақұрылымы мен цифрлық архитектурасын озық кадрлармен қамтамасыз етуге және дамытуға, қазақстандық ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және оның елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына қосқан үлесін арттыруға, ҒЗТКЖ-ға жеке сектордың инвестицияларының өсуіне және ұлттық және өңірлік деңгейлердің қолданбалы проблемаларын шешуге ықпал ететін болады.
Comentários