top of page

90 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа баратын балаларға арналған мектепалды даярлықтан өтеді

Жазғы каникул кезінде бірінші сынып алдында балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру үшін қысқармерзімді «Балақайлар мектебі» бағдарламасы ұйымдастырылды. Бұл бастама елімізде осымен екінші жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


90 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа баратын балаларға арналған мектепалды даярлықтан өтеді

Бағдарлама мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартына сәйкес әзірленген және мектепке дейінгі білім мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді. Ол балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының барлық бағыттары бойынша мектепке дайындауға мүмкіндік береді.


Бағдарлама Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру стандартына сәйкес әзірленді. Ол мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді, балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының барлық бағыттары бойынша мектепке алдын ала дайындауға мүмкіндік береді.


«Жаз маусымының екі айында қысқа мерзімді мектепалды даярлық курстары шамамен 25 мыңға жуық баланы қамтыды. Оқыту мерзімі бір айға есептелген. Сабақтар күн сайын 30 минуттан, 10 минуттық үзілістермен өтеді. Балаларға бастауыш сыныптың білікті мұғалімдері немесе мектепалды даярлық педагогтері сабақ береді. Әсіресе, балалардың физикалық, коммуникативтік, зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын дамытуға, сондай-ақ мектепке деген оң көзқарас қалыптастыруға баса назар аударылады», – деді мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.

Тамыз айында шамамен тағы да 5,3 мың топ құрып, 65,2 мың баланы қамту жоспарлануда. Осылайша, биылғы жазда қысқа мерзімді мектепалды даярлық курстарымен 90 мыңға жуық бала қамтылады.


Айта кетейік, «Балақайлар мектебі» бағдарламасын ұйымдастыру – осыған дейін балабақшаға бармаған балалар үшін мектепке дейінгі білімге қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page