Біздің журналдың осы шығарылымында биыл өзінің 30 жылдығын атап өтетін «Astana Polytechnic» колледжіне арналған материалдар топтамасы жасалды және талапкерлерге арналған тұрақты айдарымызда осы колледжге қалай түсуге болатынын талдап, талапкерлер мен ата-аналардан жиі келіп түсетін сұрақтарды нақтылау қисынды болар еді. Бүгінгі таңда колледждің өте танымал екендігін, сондықтан оған жыл сайын көптеген балалар түсуге тырысатындығын, конкурста бір орынға бес адамға дейін бақ сынайтындығын айта кету керек. Қалай дегенде де оқуға түсу мүмкіндігі бар және бүкіл ақпаратты білу белгілі бір артықшылық береді.
«Astana Polytechnic» колледжінің мамандықтары
Колледж келесі мамандықтар бойынша оқытуды ұсынады:
– 06130100 «Бағдарламалық жасақтама» (түрлері бойынша);
– 07320100 «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану»;
– 07161300 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»;
– 07310400 «Азаматтық ғимараттарды жобалау, қалпына келтіру және жаңғырту»;
– 07321200 «Газбен жабдықтау жабдықтары мен жүйелерін монтаждау және пайдалану»;
– 07140900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникация»;
– 06120200 «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері»;
– 04110100 «Есеп және аудит»;
– 10130100 «Қонақүй бизнесі»;
– 10150100 «Туризм»;
– 07140300 «Мехатроника» (салалар бойынша) 11-сынып негізінде.
Оқу мерзімі
«Astana Polytechnic» колледжінде оқу 1 жыл 10 айдан 2 жыл10 айға дейін созылады.
9-сыныптан кейін түсу
Конкурс білім туралы құжатқа сәйкес талапкерлерді міндетті және бейіндік пәндерді бағалаудың орташа конкурстық ұпайы бойынша автоматтандырылған бөлу жолымен Астана қаласы Білім басқармасының ақпараттық жүйесі арқылы өткізіледі.
Шығармашылық даярлықты талап ететін мамандықтарға түсушілер үшін – колледжде өткізілген арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандардың нәтижелері бойынша, сондай-ақ қабылдау квотасын ескере отырып, білімі туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейіндік пәндер бағаларының (ұпайларының) орташа ұпайы және алынған бағалар (ұпайлар) бойынша.
Негізгі орта білімі бар (9-сынып) колледжге түсушілер үшін бағалардың орташа ұпайы қалыптастырылады:
1) үш пән бойынша бағалардан/ұпайлардан: міндетті пәннен (қазақ тілі немесе орыс тілі) және мамандық бейіні бойынша екі пәннен;
2) шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілер үшін – үш пән бойынша бағалардан/ұпайлардан: міндетті пәннен (қазақ тілі немесе орыс тілі) және шығармашылық емтиханның бағаларынан/ ұпайларынан.
11 сыныптан кейін түсу
Бағалардың орташа ұпайы төрт пән бойынша: міндетті пәндер/пәндер (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән/пән бойынша бағалардан қалыптастырылады.
Гранттар
Колледжде жыл сайын барлық мамандықтар бойынша мемлекеттік гранттар бөлінеді және олардың саны жыл сайын артып келеді. Бөлінетін грант оқуға, стипендия төлеуге және тамақтануға, сондай-ақ басқа қаладан келген студенттерге арналған жатақханада тұруға кететін шығындарды жабады.
Өту ұпайы
Грант алуға арналған конкурс келіп түскен өтініштердің санына байланысты айқындалады. Әр мамандық бойынша өту ұпайының әртүрлі шегі қалыптасады, бәрі сұранысқа байланысты, сондықтан әр мамандық үшін ұпай әртүрлі болады. Мысалы, «Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуші», «Ақпараттық жүйелер технигі» мамандығына 2023-2024 оқу жылында грантқа өту ұпайы 4,5, ал «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығына – 4 ұпай болды.
Ақылы оқыту құны
Коммерциялық негізде білім алушылар үшін төлем жылына 370 мыңды құрайды.
Стипендия
Бүгінде грант бойынша оқитын студенттерге арналған колледж стипендиясы 31 422 теңгені құрайды.
Жатақхана
Колледж жанынан студенттер үшін 200 орындық тегін жатақхана беріледі, сондай-ақ тағы 900 орындық жаңа жатақхана салу жоспарлануда.
Тамақтану
Грант бойынша оқитын, сондай-ақ көп балалы және аз қамтылған отбасылар, жетім балалар мен мүгедектер санатына жататын колледж студенттері ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Коммерциялық негізде білім алушылар үшін таңғы ас 500 теңгені, ал түскі ас шамамен 700 теңгені құрайды.
«Astana Polytechnic» колледжі туралы пікірлер
Аружан Осман, колледждің әлеуметтік серіктесі, кәсіби бухгалтер, ҚР аудиторы, «Finex Standart» ЖШС тәуелсіз салық кеңесшісі:
– «Есеп және аудит» мамандығы бойынша колледждің әлеуметтік серіктесі бола отырып, мен Э-20-33к тобында «Қаржылық есептілікті талдау», «Қаржылық есеп» пәндері бойынша кіріктірілген сабаққа қатыстым.
Топ студенттері өз бетінше ойлаудың жақсы деңгейін, жоғары танымдық белсенділікті, материалды игеру және пайдалану деңгейін көрсетті. Сабақта заманауи ақпараттық технологиялар қолданылды, студенттер өз мамандықтары бойынша ақпараттық сайт құрды. Бұл сайт – онлайн және офлайн оқытуды біріктірудің тамаша құралы.
Студенттерге оқу кезінде жұмысқа орналасу туралы ұсыныстар түсіп жатқаны қатты қуантады. Сондай-ақ, педагогтердің материалды берудегі жоғары кәсібилігі мен шығармашылық көзқарасын атап өткім келеді. Сабақтың мақсаттары мен міндеттеріне толық қол жеткізілді.
Айсұлу Мұратқызы Маматжановаға белсенді, жолға қойылған байланыс және әлеуметтік әріптестермен тығыз ынтымақтастық үшін ерекше алғыс білдіремін.
Колледжге ары қарай табысқа жетуді, өркендеуді және жаңа жобаларды тілеймін!
Яромир Колобаев, «Газбен жабдықтау жабдықтары мен жүйелерін монтаждау және пайдалану» мамандығының 3-курс студенті:
– Мен «Газбен жабдықтау жабдықтары мен жүйелерін монтаждау және пайдалану» мамандығына түскім келіп, Астанада колледж іздедім. «Astana Polytechnic» жоғары колледжі туралы ақпаратты көріп, ол туралы қосымша оқыдым, таныстарым мен достарымнан сқрастырып, тек жақсы пікірлерді естідім. Көбісі бұл салада керемет мамандар дайындап жатқанын айтты. Мен ата-анаммен кеңесіп, құжаттарды тапсырып, грантқа түстім.
Колледжде оқу өте қызықты, маған сол жердегі ахуалдың өзі ұнайды, бір топта оқитын студенттермен бірге сабаққа барған өте қызық. Біз шеберханаларда көптеген практикалық білім аламыз, мен WorldSkills Қазақстан қалалық және республикалық чемпионаттарының жеңімпаздарының бірімін.
Чемпионаттарға мұқият дайындалдық, өте көп жаттықтырулардан өттік, бұл процесте мен көптеген қосымша дағдыларды ала алдым. Осы чемпионаттың арқасында мен өзіме, біліміме, дағдыларыма сенімдімін және сол үшін өзімнің жаттықтырушым және оқытушым Ержан Маратұлы Қасымовқа өте ризамын.
Колледжді бітіргеннен кейін мен ЖОО-ға түсуді, оны ойдағыдай бітіруді және мамандығым бойынша жұмысқа орналасуды жоспарлап жүрмін.
«Astana Polytechnic»-те жақсы материалдық-техникалық база, көптеген шеберханалар мен оқу орталықтары, кәсіби педагогтар бар. Мен осы жерге оқуға түскеніме өте қуаныштымын.
Мен бәрінің өзіне ұнайтын әрі табыс әкелетін іспен айналысып, мүмкіндігінше әртүрлі материалдарды зерттегендерін қалар едім – неғұрлым көп ақпарат біліп, қолыңыздан көбірек іс келетін болса, жұмыс табу анағұрлым оңай болады әрі өзіңіз де соғұрлым құнды боласыз, өйткені кез келген жұмыс беруші ең жақсы, еңбекке қабілетті, белсенді, парасатты, өз мамандығының лайықты өкілдерін қуана қабылдайды.
Оқуға түсушілерге арналған лайфхактар
– Барлық оқиғалардан хабардар болу үшін, мамандық таңдау, ол туралы ақпаратты алдын ала зерделеу және құжаттарды тапсыру кезінде мамандық таңдауда қиналмас үшін колледждің https://polytech.kz, www.instagram.com/polytech.astana сияқты әлеуметтік парақшаларына жазылыңыз.
– Оқуға түсу үшін бірнеше колледжді таңдаңыз. Оқуды таңдаған кезде оқу орындарының рейтингтерін, студенттердің пікірлерін, өткен жылғы өту ұпайларын, колледждің орналасқан жерін, оның инфрақұрылымын, жатақхананың бар-жоғына назар аударыңыз (басқа қаладан келген студенттер үшін маңызды).
– Қабылдау ережелерін және қажетті құжаттар тізімін мұқият оқып шығыңыз. Әдетте мұндай ақпарат колледждің сайтындағы «Қабылдау комиссиясы» және «Талапкерге» бөлімдерінде болады.
– Таңдап алған колледждің ашық есік күндеріне (олар оқу жылында үнемі өткізіліп тұрады), барлық іс-шараларына, мерекелерге, қонақтарға арналған дәрістерге, шеберлік сыныптарына, WorldSkills чемпионатына экскурсияларға міндетті түрде қатысыңыз.
– Брошюраларды оқыңыз, онда сіз мамандық туралы пайдалы ақпаратты таба аласыз.
– Студенттермен араласып сөйлесіңіз, студенттік өмір туралы және олардың оқудағы қиындықтары туралы сұрастырыңыз.
– Өзіңіздің мамандығыңыз бойынша оқу бағдарламасын мұқият қарап шығыңыз. Көбінесе бұл ақпарат колледждің сайтында болады. Олардың базасында өндірістік тәжірибеден өтуге болатын колледждің әлеуметтік серіктестері туралы біліңіз.
– Оқуға түсерде сәтсіздікке ұшыраймын деп уайымдаудың қажеті жоқ, өмірде бәрі болады. Бұған да дайын болу керек. Сондықтан құжаттарыңызды бірнеше колледжге тапсырыңыз, өткен жылдың өту ұпайларына назар аудара отырып, төрт нұсқаны таңдауға болады. Егер өзіңіз қалаған оқу орнына түспе алмай қалсаңыз, өту ұпайы төмен колледжге оқуға түсіп кетуіңіз мүмкін.
– Егер сіз өзіңіздің мектепте алған біліміңіздегі олқылықтар туралы білсеңіз, оларды алдын ала толтырыңыз. Бағасы жақсы Білім туралы аттестат грантқа түсу мүмкіндігін арттырады.
– Колледжде жұмыс берушімен әңгімелесу арқылы сұранысқа ие мамандықтарға жалпы конкурссыз түсуге мүмкіндік беретін мақсатты мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмысқа қабылдау жүзеге асырылады. Жұмыс беруші колледжде тегін оқытуды, кейіннен жұмысқа орналаса отырып, кәсіпорындар базасында барлық практикадан өтуді қамтамасыз етеді. Қосымша ақпаратты қабылдау комиссиясынан алуға болады.
«Astana Polytechnic»-тегі курстар
Оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға көмектесу үшін жаз кезінде олар үшін 20 бағыт бойынша ақылы курстар ұйымдастырылды:
1. Web -әзірлеме
2. Мобильді робототехника
3. Графикалық дизайн
4. Желілік және жүйелік басқару
5. Мехатроника
6. Сурет және кескіндеме
7. Жетілдірілгендерге арналған интерьер дизайны
8. CAD инженерлік графикасы
9. Бизнеске арналған IT-шешімдер
10. Сантехника және жылыту
11. Жеңіл көлікті жөндеу және қызмет көрсету
12. Бухгалтерлік есеп + 1С + салықтар
13. Кәсіпкерлік қызмет негіздері
14. Электроника
15. «Ақылды үй» жүйесін басқару
16. «В» санатындағы көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау
17. Экскурсия жетекшісі
18. Туристік-спорттық дайындық
19. Қонақ үй әкімшілігі
20. Құрылыстағы сметалық іс және баға белгілеу
Курстар туралы толығырақ колледждің
https://polytech.kz/ сайтынан білуге болады
Тел.: +7 (772) 50-14-87,
+7 (705) 760-95-93
«Astana Polytechnic» жоғары колледжінің мекенжайы:
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 39 (№ 10, 9, 33, 70, 19, 21, 36, 26 автобустармен келуге болады)
Материалды дайындаған
Ахан ХАНОВ
АННОТАЦИЯ
Высший колледж «Astana Polytechnic» в Астане пользуется большой популярностью, конкурс составляет до пяти человек на место. Помимо 11 факультетов, в колледже действуют доступные летние профориентационные курсы для школьников. В статье даются разъяснения по всем нюансам поступления и обучения в колледже.
Comentarios