Cardiff University Kazakhstan. Қазақстан астанасындағы Уэльс университетінің кампусы
- Вероника К.
- Aug 29
- 1 min read
2025 жылдың қыркүйегінде Кардифф Университеті Астана қаласында 2500 студентке арналған жаңа білім беру кампусын ашады. Кардифф университеті – беделді Russell Group құрамына кіретін, QS World University Rankings және Times Higher Education сияқты беделді агенттіктердің рейтингінде жоғары орындарды иеленіп отырған Ұлыбританияның жетекші университеттерінің бірі. Сондай-ақ, университет әлемдік білім беру көшбасшыларының бірі болып танылды және оның 36 пәні QS World University Rankings нұсқасы бойынша әлемдік рейтингтің үздік 200-іне кірді.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
2025-2026 оқу жылында Кардифф университетінің Қазақстандағы филиалы өз жұмысын STEM (ғылым, технология, инженерия және математика), гуманитарлық ғылымдар және MBA бағыттарына бағытталған дайындық жылы (Foundation) бағдарламасынан бастайды. Бакалавриат бағдарламалары 2026 жылдан бастап ұсынылады.
Оқу мерзімі – 4 жыл: британдық жоғары білім беру жүйесіне сәйкес бірінші жыл – дайындық жылы, келесі үш жыл – бакалавриат.
Студенттер Кардифф университетінің оқытушыларымен әлемдік деңгейдегі білім ала алады.
Барлық сабақтар ағылшын тілінде өткізіледі.
FOUNDATION БАҒДАРЛАМАСЫНА ТҮСУШІЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
• Академиялық IELTS: 5.5 жалпы балдан кем емес және қосалқы секцияларда 5.0 кем емес.
• Аттестат бойынша жоғары академиялық көрсеткіштер (GPA 4.0-5.0) және математика бойынша 4.0 кем емес.
• Студенттерге мемлекеттік грант бойынша оқуға өтінім беру үшін қолданыстағы ҰБТ сертификаты қажет.
ГРАНТТАР ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ
• 2025-2026 оқу жылына арналған гранттардың саны мен гранттарды тағайындау шарттары туралы толық ақпарат кейінірек беріледі.
Foundation бағдарламасында оқу құны:
• қазақстандық студенттер үшін – $15,000;
• шетелдік студенттер үшін – $17,000.
ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАЛАЙ ТАПСЫРУҒА БОЛАДЫ
Өтінішті https://www.cardiff.ac.uk/kazakhstan сілтемесі арқылы онлайн беруге болады. Барлық құжаттар ағылшын тіліне аударылуы керек.
БАЙЛАНЫСТАР
Астана қаласы, Cығанақ көшесі, 38/1
Тел: +77777670907



Comments