Auezov University студенттері Harbin Engineering University ұйымдастырған жазғы мектеп бағдарламасына қатысты
- Редакция "СО"

- 1 hour ago
- 1 min read
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің студенттері Harbin Engineering University ұйымдастырған жазғы мектеп бағдарламаларына қатысып, халықаралық академиялық және мәдени тәжірибемен бөлісіп қайтты.

Бағдарлама барысында Auezov University студенттер академиялық семинарларға, мәдени және білім беру іс-шараларына қатысып, Қытайдың жоғары білім беру жүйесімен және халықаралық студенттік ортамен танысты.
Жазғы мектеп студенттер үшін академиялық білімдерін кеңейтуге, мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамытуға және халықаралық ортада жаңа тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.
Бағдарламаны сәтті аяқтаған барлық студенттерге қатысу сертификаттары табысталды. Бұл бастама университеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, студенттердің академиялық ұтқырлығын дамытуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.
Білім алмасу — тәжірибе алмасу, ал тәжірибе — жаңа мүмкіндіктердің бастауы.



Comments