top of page

AUEZOV UNIVERSITY: «Тарих және педагогика» және «Аграрлық» факультеттерінің оқу-ғылыми әлеуеті

18 hours ago
2 min read

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Мұхтар Төлеген №9 оқу ғимаратындағы сабақ үдерісінің ұйымдастырылуымен және материалдық-техникалық базаның жай-күйімен танысты. Нысанды аралау барысында университет басшысы «Тарих және педагогика» және «Аграрлық» факультеттерінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.


AUEZOV UNIVERSITY: «Тарих және педагогика» және «Аграрлық» факультеттерінің оқу-ғылыми әлеуеті

Жүздесуде білім беру сапасы, ғылыми-зерттеу жұмыстары және құрылымдық бөлімдердің даму бағыттары жан-жақты талқыланды.


Бүгінгі таңда оқу ордасы ізденіс жұмыстарын жаңа деңгейге көтеруді және интеллектуалдық әлеуетті тиімді пайдалануды басты басымдық ретінде белгілеп отыр. Жиында жас ғалымдарға қолдау көрсету мәселесіне ерекше екпін берілді..


AUEZOV UNIVERSITY: «Тарих және педагогика» және «Аграрлық» факультеттерінің оқу-ғылыми әлеуеті
Жас зерттеушілердің ізденістеріне қолайлы жағдай жасап, олардың халықаралық жобалар мен гранттық бағдарламаларға қатысуына мүмкіндік беру ортақ міндетіміз. Әр факультет пен ғылыми ұжым өз бағытында жаңа бастамалар көтеріп, ғылымды университет дамуының негізгі қозғаушы күшіне айналдыруы қажет. Біздің мақсатымыз – бәсекеге қабілетті маман даярлау ғана емес, инновацияны алға сүйрейтін заманауи зерттеу университетін қалыптастыру, – деп атап өтті Мұхтар Әділбекұлы.

Жоғары білімнің сапасы зерттеу қызметімен тікелей байланысты. Осы орайда білім беру мен ғылымды өзара сабақтастыра отырып, оқу орнының халықаралық беделін арттыру және нақты нәтижеге бағытталған жобаларды жүзеге асыру басты басымдықтардың бірі. Инновацияға бет бұрған жоғары оқу орны елдің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға зор үлес қоспақ.


AUEZOV UNIVERSITY: учебно-научный потенциал факультетов "История и педагогика" и "Аграрный"

AUEZOV UNIVERSITY-дің тағы бір жағымды жаңалығы - Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушысы Жұмакүл Шегебайқызы мемлекеттік жоғары марапатқа ие болды.


Ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 29 қыркүйектегі Жарлығымен білім және ғылым саласына қосқан елеулі үлесі, көп жылғы жемісті еңбегі және өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіндегі қызметі үшін «Шапағат» медалімен марапатталды.


Мемлекеттік награданы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты шарада арнайы табыстады.


Жұмакүл Тайтелиеваның педагогикалық қызметі мектепке дейінгі және бастауыш білім беру саласына мамандар даярлау, білім алушылардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыру және оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру бағыттарымен тығыз байланысты.

Бұл марапат ұстаздың кәсіби қызметіне көрсетілген мемлекеттік деңгейдегі құрметтің белгісі.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page