Быдгощ қаласының Экономика университетінің (WSG University) Шәкәрім университеті базасындағы филиалы
- Редакция "СО"

- Jun 4
- 2 min read
Updated: Aug 29


Быдгощ қаласының экономика университеті (BZG University) Поль-шадағы ең ірі жоғары оқу орындарының бірі болып табылады және ел бойынша үздік ондыққа кіреді. Онда шамамен 20 000 студент оқиды. Қазіргі уақытта ЖОО-да 34 елден бір жарым мыңнан астам студент оқиды және оның әлемде танымалдығы артып келеді. Быдгощ қаласындағы негізгі кампустан басқа университеттің ел ішінде бірқатар филиалдары бар. Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірінің заманауи оқу-әдістемелік, ғылыми және мәдени орталығы болып табылатын Шәкәрім университеті (Семей) WSG University-мен түрлі бағыттар бойынша: студенттердің академиялық ұтқырлығы, профессор-оқытушылар құрамының ғылыми тағылымдамалары, ғалымдардың халықаралық жобаларға қатысуы бойынша ынтымақтасады. 2023 жылғы 24 мамырда Шәкәрім университеті базасында WSG University филиалын құру және «Спорт және рекреация менеджері» қос ди-пломды білім беру бағдарламасын ашу туралы екіжақты шартқа қол қойылды.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Оқыту 6B01406 Дене шынықтыру және спорт / Спорт және рекреация ме-неджері білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
Бағдарлама спорт және рекреация саласында мансап құрғысы келетіндерге арналған және маркетингті, спорттық жобаларды басқаруды, жарыстарды ұйымдастыруды, фитнес менеджментін және т.б. зерттеуді қамтиды.
Студенттер туристік компанияларда шетелдік тағылымдамадан және тәжірибеден өтеді. Түлектер бүкіл әлем бойынша спорт ұйымдарында, фитнес индустриясында, туристік бизнесте жұмыс істей алады.
Бірінші курста студенттер Шәкәрім университетінің кампусында оқиды, сонымен қатар WSG University дәрістері онлайн форматта өтеді. Екінші курста оқу Польшада, WSG University кампусында өтеді, сонымен қатар онлайн форматта Шәкәрім университетінің сабақтары жалғасуда. Үшінші курста студенттер Қазақстанда бірінші оқу жылының схемасы бойынша қайтадан оқиды, содан кейін Польша университетінің дипломын алады, тағы бір жыл Шәкәрім университетінде оқиды.
Осылайша, Польша университетінің қатысуымен оқу мерзімі – 3 жыл, жалпы оқу мерзімі – 4 жыл.
Оқыту тілі – орыс тілі. Ағылшын немесе поляк тілдерін білуге қойылатын талаптар жоқ.

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Нысаналы грантқа түсу үшін ҰБТ сертификаты міндетті; Қазақстан та-рихы бойынша кемінде 5 балл, оқу сауаттылығы бойынша – 3 балл жинау қажет. Сондай-ақ, екі: «Жалпы дене шынықтыру бойынша нормативтер» және «Мамандандыру бойынша нормативтер» пәні бойынша шығармашылық емтихан тапсыру қажет. «Жалпы дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер» шығармашылық емтиханы 100 метрге жүгіру, турникке тартылу (ұлдар), арқада жатқан бастапқы қалыпқа денені көтеру және түсіру (қыздар), 1000 метрге (ұлдар) және 500 метрге жүгіру-ден (қыздар) тұрады.
Ақылы негізде оқу үшін филиалға қабылдау ҰБТ-сыз және түсу емти-хандарынсыз жеке шарт жасасу жолымен жүзеге асырылады.
ГРАНТТАР ЖӘНЕ ОҚУ АҚЫСЫ
2025-2026 оқу жылына Шәкәрім университетінде оқуға арналған 30 нысаналы грантты игеру жоспарлануда.
Ақылы бөлімшеде оқу ақысы жылына 550 мың теңгені құрайды. Серіктес университетте оқыған кездегі шығындар: оқу ақысы – жылына 900 еуро, кіру жарнасы – 200 еуро, лагерлік жиын – 350 еуро, WSG емтиханы – 100 еуро (емтихан алдындағы төлем). Қосымша шығындар: құжаттарды аудару – 300-320 зл., студенттік билет – 28 зл., WSG University жатақханасында тұру – айына 950 зл.
Қазақстанның гранты шетелдік ЖОО-ға, оқуға, тұруға, ұшуға, визалық шығыстарға, медициналық сақтандыруға және т.б. таралмағандықтан, білім алушылардың өздері – нысаналы грант бойынша түскендер де, ақылы бөлімше студенттері де төлейді.

ЕМТИХАНДАР МЕН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНДЕРІ
Құжаттар 20 маусым мен 25 тамыз аралығында қабылданады.
Емтихандар шілде айында өтеді. Емтихандардың нақты күнін ЖОО-ның қабылдау комиссиясынан білуге болады.
БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ
Қабылдау комиссиясының телефоны: +7 708 467 17 22
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Глинка көшесі, 20А




Comments