Coventry University Kazakhstan: Қазақстан астанасындағы британдық білім
- Вероника К.
- Aug 29
- 2 min read
Coventry University-дің негізін 1843 жылы кәсіпкерлер мен өнеркәсіпшілер қалаған. Бүгінгі таңда университет өз қауымда-стығын жақсарту үшін қажетті дағдылары мен шығармашылық ой-лауы бар түлектерді қамтамасыз ете отырып, бизнеспен жұмыс істе-уді жалғастыруда. Coventry University Teaching Excellence Framework 2023 (TEF)) рейтингінде алтын рейтингке ие болды, яғни университет студенттер үшін маңызды салаларда күткеннен асып түсті дегенді білдіреді: тамаша оқыту, тиімді оқу және тамаша нәтижелерге қол жеткізу. Астанадағы Coventry University Kazakhstan кампусы 2024 жылдың қыркүйегінде ашылып, бизнес, IT және MBA саласындағы білім беру бағдарламаларынан бастады. Мұнда жыл сайын жаңа бағыттар пайда болады. 2026-2027 жылға қарай жатақханалар мен спорт объектілерін қоса алғанда, өте көп оқу және әкімшілік ғима-раттары бар жаңа кампус ашылады.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
• Foundation
Бизнес мектебі
Foundation бизнес саласында (1+3) мамандықтар бойынша бака-лавр дәрежесін ала отырып:
BA (Hons) Жарнама және сандық маркетинг
BBA (Hons) Бизнесті басқару
BSc (Hons) Халықаралық бизнесті басқару
BA (Hons) Бизнес және маркетинг
Компьютерлік ғылымдар мектебі
Foundation компьютерлік ғылымдар саласында (1+3) мамандықтар бойынша бакалавр дәрежесін ала отырып:
BSc (Hons) Компьютерлік ғылымдар
BSc (Hons) Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект
BSc (Hons) Ақпараттық технологияларды басқару
Экономика және қаржы мектебі
Foundation экономика және қаржы саласында (1+3) мамандықтар бойынша бакалавр дәрежесін ала отырып:
BSc (Hons) Банк ісі және қаржы
BSc (Hons) Бизнес және қаржы
BSc (Hons) Қаржылық экономика
Гуманитарлық ғылымдар мектебі
Foundation гуманитарлық ғылымдар саласында (1+3) ма-мандықтар бойынша бакалавр дәрежесін ала отырып:
BA (Hons) Халықаралық қатынастар
• Бакалавриат
Бизнес мектебі
BA (Hons) Жарнама және сандық маркетинг
BA (Hons) Бизнесті басқару
BSc (Hons) Халықаралық бизнесті басқару
BA (Hons) Бизнес және маркетинг
Компьютерлік ғылымдар мектебі
BSc (Hons) Компьютерлік ғылымдар
BSc (Hons) Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект
BSc (Hons) Ақпараттық технологияларды басқару
• Магистратура
MBA Global Business
Оқу мерзімі 2 жыл.
Global Executive MBA.
Оқу мерзімі 1 жыл.
Оқу аяқталғаннан кейін түлектерге британдық диплом беріледі.
ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
• Foundation
Оқу қыркүйек айында басталған кезде:
– IELTS-тің минималды балы 5.0 (әр секцияда 4.5-тен төмен емес) немесе баламасы.
Оқу қаңтар айында басталған кезде:
– IELTS-тің минималды балы 5.5 (әр секцияда 5.0-ден төмен емес) немесе баламасы.
– Қосымшасы бар жалпы орта білім туралы аттестат немесе балама-сы.
– ҰБТ міндетті емес.
• Бакалавриат
– IELTS-тің минималды балы 6.0 (әр секцияда 5.5-тен төмен емес) немесе баламасы.
– Қосымшасы бар жалпы орта білім туралы аттестат (12 сынып) немесе қосымшасы бар техникалық және кәсіптік білім туралы диплом (колледж) немесе баламасы.
– ҰБТ міндетті емес.
• MBA Global Business және Global Executive MBA
– IELTS-тің минималды балы 6.5 (әр секцияда 6.0-ден төмен емес) немесе оған баламалы сертификат.
– Транскрипті бар бакалавр дәрежесі.
– Жұмыс тәжірибесі 2 жылдан кем емес.
ГРАНТТАР ЖӘНЕ ОҚУ ҚҰНЫ
2025-2026 оқу жылына 200 грант бөлінді, грантқа өтінімдерді қабылдау аяқталды. Келесі жылға арналған гранттар конкурсын өткізу шарттары біздің әлеуметтік желілерде және coventry.edu.kz ресми сайтында жарияланатын болады.
Foundation және бакалавриат бағдарламаларында оқу құны жылы-на $15 000 құрайды. MBA Global Business бағдарламасында оқу құны – жылына $20 000, Global Executive MBA бағдарламасында – $30 000.
Coventry University Kazakhstan студенттеріне академиялық ұтқыр-лық бойынша Coventry University UK-ге бір семестрге оқуға баруға мүмкіндік беріледі, студент ұшу, тамақтану және тұру шығындарын өз мойнына алады.
Оқу Coventry University Kazakhstan жеке кампусында өткізіледі. Серіктестік жатақханада тұру бір студентке кемінде төрт шаршы метр есебінен беріледі.
БАЙЛАНЫСТАР
+7 700 317 33 33
+7 700 318 0023 (WhatsApp)
Электрондық пошта: info@coventry.edu.kz
Сайт: coventry.edu.kz
Мекенжайы: Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 13А



Comments