top of page

DKU-да «жасыл» сутегі бойынша аймақтық тренинг өтті

2025 жылдың 25–29 тамызы аралығында Қазақ-Неміс университетінде (DKU) Орталық Азия техникалық ЖОО оқытушыларына арналған «жасыл» сутегіні (PtX – Power-to-X) өндіру және пайдалану бойынша аймақтық тренинг өтті. Шараны Астанадағы GIZ Сутегі дипломатиясы кеңсесі DKU-мен бірлесіп, Гамбург қолданбалы ғылымдар университетінің (HAW Hamburg) қолдауымен ұйымдастырды.


ree

Тренингке Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан оқытушылар мен сарапшылар қатысты. Дәрістер мен практикалық сабақтарды проф. Себастьян Тиммерберг (HAW Hamburg) пен Алексей Кобзев (DKU) жүргізді. Негізгі тақырыптар: «жасыл» сутегіні өндіру, сақтау, қолдану және PtX технологияларын білім беру бағдарламаларына енгізу.


Бағдарламада дәрістер, интерактивті сессиялар, топтық жобалар және сутегі технологияларының экономикасы мен экологиясына, нарықтық талдауына арналған практикалық тапсырмалар болды. Қатысушылар кейстермен жұмыс істеп, бизнес мүмкіндіктерін талқылап, оқу бағдарламаларын жаңарту бойынша ұсыныстар әзірледі.


Маңызды бөлігі – жаңартылатын энергия нысандарына бару: Қапшағай ГЭС-і, Қонаев қаласындағы 2 МВт күн электр станциясы, DKU-дың шатырындағы күн станциясы мен жаңартылатын энергия зертханасы.


Тренинг соңында қатысушылар сертификаттар мен оқу-әдістемелік материалдар алды.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, оқытушыларды даярлау – Орталық Азияда сутегі технологиялары мен тұрақты энергетика бойынша білім беру бағдарламаларын дамытудағы маңызды қадам. Мұндай тренингтер кәсіби қауымдастықты қалыптастырып, халықаралық ынтымақтастықты нығайтады және ортақ жобалар мен ғылыми жарияланымдарға негіз қалайды.


Қазақ-Неміс университеті қазір «жасыл» сутегі бойынша жаңа магистратура бағдарламасын әзірлеуде.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page