English Language Fellow бағдарламасы аясында АҚШ бас консулдығымен кездесу
- Редакция "СО"

- Sep 9
- 1 min read
Гуманитарлық факультетінің шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы English Language Fellow халықаралық бағдарламасы конкурсына қатысып, нәтижесінде бір академиялық жылға шетелдік ерікті-оқытушыны шақырту мүмкіндігіне ие болды.

АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығы ұйымдастыратын осы бағдарлама аясында Жетісу университетіне АҚШ-тан ерікті-оқытушы Bronwyn Schieber (Georgetown University), Консулдықтың Қоғамдық дипломатия бөлімінің, сондай-ақ Жетісу облысы білім басқармасының өкілдері Жетісу университетіне келеді.
Кездесу күні: 2025 жылғы 10 қыркүйек
Уақыты: 14:30
Өтетін орны: І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Бас оқу ғимараты. 313 мәжіліс залы.
Қатысушылар: АҚШ Бас консулдығының өкілдері, English Language Fellow Bronwyn Schieber, университет басшылығы, гуманитарлық факультеттің шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушылары мен студенттері.
Кездесудің мақсаты – ынтымақтастық перспективаларын, бірлескен жобаларды және ағылшын тілін оқытуды дамытуға бағытталған білім беру іс-шараларын талқылау.
Гуманитарлық факультет студенттері мен оқытушыларын маңызды шараға қатысуға шақырамыз!



Comments