Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусына оқуға түскісі келетін талапкерлер үшін ағылшын тілі емтиханы өтеді
- Редакция "СО"
- Mar 31
- 1 min read
Жұбанов университетінің базасында британдық Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусына оқуға түскісі келетін талапкерлер үшін кезекті AOLT ағылшын тілі емтиханы өтті.

Бұл емтиханға 70-тен астам адам қатысты. Айта кету керек, бұл жолы үміткерлердің географиясы айтарлықтай кеңейген. Ақтөбе және Ақтөбе облысының тұрғындарынан бөлек, емтиханға Атырау және Қарағанды облыстарынан да талапкерлер келді. Бұл Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусының елімізде танымалдылығы артып келе жатқанын көрсетеді.
Еске сала кетейік, Heriot-Watt университетінде үш мамандық бойынша студенттерді қабылдау жүргізілуде: «Мұнай инженериясы және энергия менеджменті», «Электроэнергетика», «Компьютерлік инженерия».
AOLT – тегін тілдік емтихан, ол IELTS сертификаты жоқ немесе оның жарамдылық мерзімі аяқталған талапкерлер үшін өткізіледі.
Сонымен қатар Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусына түсу үшін ҰБТ сертификатының болуы міндетті.
Ағылшын тілі емтиханы әр сенбі сайын Ағайынды Жұбановтар көшесі, 263 мекенжайында өтеді.
Толық ақпаратты төмендегі нөмірлер арқылы алуға болады:
WhatsApp: 8 747 518 35 83
Call centre: 8 778 550 91 95
Call centre: 8 776 786 12 85
Comments