New York Film Academy Kazakhstan-да Ашық есік күні өтті
- Редакция "СО"

- 8 hours ago
- 1 min read
Қаскелеңде кино, медиа және креативті индустрия саласында білікті мамандарды даярлайтын NYFA Kazakhstan-да ашық есік күні өтті. Іс-шара аясында қонақтар кампусты аралап, болашақ шығармашылық алаңның инфрақұрылымы мен атмосферасымен танысты. NYFA Kazakhstan басшылары оқу бағдарламаларын, кампус концепциясын және студенттерге арналған мүмкіндіктерді таныстырды, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қатысушылар сондай-ақ оқытушылар мен шақырылған сарапшылар өткізген шеберлік сағаттарына қатысып, кәсіби шығармашылық ортаға ену мүмкіндігіне ие болды.
Айта кетейік, Қазақстандағы NYFA филиалы – Орталық Азиядағы әлемге танымал американдық кино мектебінің жалғыз филиалы. Жаңа кампус Energo University және Dala Edge креативтік паркі негізінде құрылды.
Филиалда АҚШ-тан арнайы келетін NYFA кәсіби лекторлары Кино (Filmmaking), Продюсерлік (Producing), Сценарист (Screenwriting), Анимация және визуалды эффектілер (3D Animation & VFX), Ойын әзірлеу (Game Design) бес бағыты бойынша жүргізеді.



Comments