Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанындағы «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығы инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетінің филиалы
- Редакция "СО"
- May 30
- 2 min read
Updated: Aug 29
2024 жылдың тамыз айында екі елдің президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеевтің қатысуымен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (ҚазҰАЗУ) базасында «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығы инженерлері институты» (Өзбекстан) Ұлттық зерттеу университеті филиалының салтанатты ашылуы өтті. Жоғары оқу орындарының бірлескен жұмысы тапшы жоғары білікті кадрларды: гидроэнергетиктерді, ирригаторларды, мелиоранттарды, суды үнемдеу және суару технологиялары мамандарын даярлау мәселесін шешеді, су ресурстарын ұтымды пайдалануға көзқарасты өзгертеді.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Филиал қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша бакалавриат пен магистратурада оқытуды жүзеге асырады:
• B082 Су ресурстары және суды пайдалану;
• M137 Су ресурстары және суды пайдалану.
Бакалавриатта оқу мерзімі – 4 жыл, магистратурада – 2 жыл. Оқыту тілі орыс, қажет болған жағдайда қазақ, ағылшын тілдерінде жүреді. Оқу кезеңі бас ЖОО-да өту үшін орыс тілін білу міндетті екенін есте ұстаған жөн.

ГРАНТТАР ЖӘНЕ ОҚУ АҚЫСЫ
2025-2026 оқу жылына филиалға бакалавриат бағдарламалары бойынша оқуға 100 грант, магистратураға 10 және докторантураға 3 грант бөлінді. Сондай-ақ ақылы оқу да қарастырылған, құны жылына 750 000 теңгені құрайды.
ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
ҰБТ бойынша шекті 50 ұпай жинаған талапкерлер мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса алады. Бейіндік пәндер: фи-зика – математика. Барлық түсу процесі Қазақстан Республикасының стандартты схемасы бойынша жүзеге асырылады.
Грантқа түсе алмаған талапкерлер ҰБТ сертификатымен ақылы негізде оқу үшін құжаттарды тапсыра алады. Құжаттарды тапсырудың соңғы күні – 25 тамыз.

ОҚУ ЖӘНЕ ТҰРУ
Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқу 2+2 схемасы бойынша жүзеге асырылады: Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде екі жыл және Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикалан-дыру инженерлері институтында екі жыл оқиды. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқыту 1+1 схемасына сәйкес ұқсас ұйым-дастырылған.
Студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі. Тұру ақысы жылына 120 000 теңгені құрайды.
БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ
+7 707 250 80 20 Бердышев Абдурахим Сулейманович
+7 708 500 01 91 Зулпибекова Сандугаш Бекболатовна
Мекенжайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8-үй.
Comments