SDU University-дегі халықаралық бакалавриат: әлемдік деңгейдегі зерттеу арқылы оқыту
- SDU University

- 5 hours ago
- 1 min read

SDU University-де International Baccalaureate (IB) бағдарламалары аясында білім беру үдерісі жаңа деңгейде жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда университеттің 162 студенті IB бағытындағы онлайн дәрістерге қатысып, халықаралық стандарттарға сай білім алуда.
Ерекше атап өтерлігі, бұл курстарды тек IB ұйымы тарапынан арнайы оқытылған және сертификатталған IB trainer-лер жүргізеді. Аталған мамандар – IB World Schools жүйесінде тәжірибесі бар, жаһандық педагогикалық қауымдастықта мойындалған кәсіби жаттықтырушылар. Бұл студенттерге әлемдік білім беру тәжірибесін тікелей меңгеруге мүмкіндік береді.
Бағдарлама аясында оқыту inquiry-based learning, яғни зерттеуге негізделген тәсіл арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс студенттердің сыни ойлау, аналитикалық талдау және өздігінен білім алу дағдыларын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар оқу барысында қалыптастырушы бағалау, академиялық адалдық және жеке тұлғалық дамуға басымдық беріледі.

Аталған бастама SDU University-дің халықаралық білім беру кеңістігіндегі позициясын нығайтып, Қазақстандағы IB мектептерін жоғары білікті педагог кадрлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.
SDU University IB ұйымының IB Educator Certificates (IBEC) бағдарламалары ұсынылатын университеттердің ресми халықаралық тізіміне енгізілген айта кету керек. Бұл тізімге әлемнің 17 елінен 60-тан астам жетекші жоғары оқу орны кіреді және олар IB стандарттарына сәйкес педагогтерді даярлау бойынша аккредиттелген.

Аталған тізімге ену – SDU University білім беру сапасының, академиялық бағдарламаларының және болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесінің жаһандық деңгейде мойындалғанының айқын дәлелі. Сол сияқты, The University of Hong Kong, University of Toronto, University of Melbourne, University of South Carolina және University of Bath сияқты әлемдік деңгейдегі жетекші университеттер де осы тізімге кіреді, бұл SDU University-дің халықаралық қауымдастықта тең дәрежеде мойындалатынын көрсетеді.
АННОТАЦИЯ
SDU University официально включен в международный список университетов, предлагающих программы IB Educator Certificates. Обучение в рамках программы строится на основе подхода inquiry-based learning – обучения через исследование и проводится сертифицированными тренерами, что дает студентам уникальную возможность освоить передовой мировой опыт в сфере образования.



Comments