top of page

Study in Kazakhstan: Әзербайжан студенттерінің алғашқы тобы Kozybayev University-де білім алу үшін келді

Kozybayev University-де білім алатын Әзербайжан Республикасының алғашқы тобы Солтүстік Қазақстан облысына келді. Олардың қатарында бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламаларына қабылданған 32 студент бар.


Study in Kazakhstan: Әзербайжан студенттерінің алғашқы тобы Kozybayev University-де білім алу үшін келді

Шетелдік студенттер қаржы, экономика, химия, инженерия және ақпараттық технологиялар сияқты сұранысқа ие бағыттар бойынша білім алады. 2026 жылы университетте барлығы 100-ден астам Әзербайжан азаматының білім алуы жоспарланып отыр.


Шетелдік талапкерлердің Қазақстанның жоғары оқу орындарына қызығушылығының артуына ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жүзеге асырып отырған халықаралық «Study in Kazakhstan» білім беру жобасының дамуы да ықпал етіп келеді.


Жоба аясында Kozybayev University өкілдері Әзербайжан Республикасына 2025 жылғы наурыз және 2026 жылғы мамыр айларында екі рет жұмыс сапарымен барды. Баку қаласында университет өкілдері «Study in Kazakhstan» көрмелеріне қатысып, талапкерлер мен олардың ата-аналарына Қазақстанның жоғары оқу орындары, білім беру бағдарламалары, оқуға түсу және білім алу шарттары, сондай-ақ түлектер үшін ашылатын мансаптық мүмкіндіктер туралы ақпарат ұсынды.


Жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Әзербайжан азаматтарының Қазақстанда білім алуға деген тұрақты қызығушылығы қалыптасты. Биыл әзербайжандық студенттердің алғашқы тобы Солтүстік Қазақстан облысына келіп, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын бастады.


Халықаралық академиялық ұтқырлықты дамыту және шетелдік студенттерді тарту – Қазақстандағы жоғары білім беруді интернационалдандырудың және халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Шетелдік студенттер санының артуы жоғары оқу орындары арасындағы академиялық және ғылыми байланыстарды нығайтып, қазақстандық білім берудің халықаралық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.


Әзербайжандық студенттердің Kozybayev University-де білім алуы екі ел арасындағы білім беру және ғылыми ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, академиялық байланыстарды нығайтуға және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жол ашады.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page