«Адал Азамат»: астаналық мектеп оқушыларына патриотизм сабағы өтті
- Редакция "СО"

- 3 hours ago
- 1 min read
«Адал Азамат» бағдарламасы аясында Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері Қасым Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейдің оқушыларына «Елін сүйген ерлер – жас ұрпаққа үлгі» тақырыбында патриотизм сабағын өткізді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара «TANYM» көпфункционалды кешенінде өтті.
Мектеп оқушылары алдында Ұлттық ұланның бас қолбасшысының кеңесшісі Әлібек Әбділов сөз сөйледі.
«Әр адам патриотизмді өз түсінігімен қабылдайды. Патриотизм тек Отанды қорғау ғана емес: жұмыста өз ісіңізге адал болуыңыз керек, ал үйіңізде туған-туыстарыңызға қамқорлық пен махаббат көрсету маңызды. Міне, нағыз патриотизмнің негізі осы», – деді ол.
Оқушылар да өз ойларын білдірді. Мысалы, №27 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Эмиль Уәлиев армияда қызмет етуді жоспарлап отырғанын айтты.
«Елін қорғау – әрбір ер адамның борышы. Әскери тәртіп адамды тәрбиелейді, қиындықтарды еңсеруге көмектеседі. Әскерде қызмет ете отырып, жас жігіттер өмірде қажет болатын жаңа дағдыларға ие болады», – деді оқушы.
Іс-шара концертпен жалғасты. Оған Ұлттық ұланның ән және би ансамблінің ерлер хорындағы солистер қатысты. Олар мектеп оқушыларымен және ұстаздармен кездесіп, патриоттық әндер шырқады, сонымен қатар өткен 8 наурыз мерекесімен нәзікжандылар қауымын құттықтады.
«Бұл кездесуді қала деңгейінде өткіземіз. Оған әскери қызметкерлер, білім басқармасының қызметкерлері және біздің оқушылар қатысады. Мұндай іс-шаралар тек патриоттық сезімді тәрбиелеуге ғана емес, сонымен бірге болашақ мамандықты таңдауға да көмектеседі», – деп атап өтті №27 мектеп-лицейдің директоры Меруерт Әбуева.



Comments