top of page
Search

Алматыда көзі жақсы көрмейтін балаларға музей экспонаттарының аудиодискрипциясы ұсынылды


Ә. Қастеев атындағы ҚР мемлекеттік өнер музейі көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға 50-ден астам өнер экспонаттарының аудиодискрипциясын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Аудиодискрипция - бұл зағип адамға өмірде маңызды ештеңе жоғалтпайтынын сезінуге көмектесетін әңгімелеу формасы, ал музейдегі аудиосүйемелдеу - үлкен әрі терең жобаның кішкене ғана бөлігі.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, аудиодескрипция жобасы тек балаларға ғана емес, ересектерге де арналған.


«Біз барлық балалар дарынды және олардың білім алуға және дамуға тең құқылы екеніне нық сенеміз және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың өмір сапасын жақсартуға тырысамыз. Музей экспонаттарының аудиодискрипцияларын дайындау идеясы - «Әлемді ашу» атты үлкен жобаның бір бөлігі ғана, оның мақсаты - ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға, атап айтқанда, есту қабілеті бұзылған балаларға еліміздегі білім, шығармашылық, мәдени және рухани мұраларға қол жетімділікті қамтамасыз ету. Аудиодескрипция жобасы тек балаларға ғана емес, ересектерге де арналған», - деді «Дара» қайырымдылық қорының жобалар мен бағдарламалар директоры Марал Шашімбекова.


Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік музейінде экспонаттар географиялық, тарихи және уақыт жағынан мүмкіндігінше қамту үшін таңдалды.


Аудиоландыруды дайындаған кезде экспонаттардың мазмұны мен сипаттамасы таңдамалы түрде өңделді, балалар аудиториясы үшін түсінікті және қол жетімді, сонымен қатар қызықты сөздер қолданылды, бұл музей көрмесіне қойылған заттың сұлулығын барынша арттыруға мүмкіндік берді.


«Аудиодискрипция орыс және қазақ тілдеріндегі 50-ден астам экспонаттарды қамтыды: қолданбалы өнер заттары, ұлттық костюмдер, белгілі суретшілердің туындылары, суретші Әбілхан Қастеевтің кескіндеме залы. 1930-жылдардан бастап бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан өнері, XVII - XX ғасырдың басындағы орыс өнері, сондай-ақ XVI-XIX ғасырлардағы Батыс Еуропа туындылары ұсынылған. Сонымен қатар, музей ғимаратының өзі және оған жақын көшелер ауызша сипаттама алды. Дыбыстық жолсызықтардың жалпы ұзақтығы 100 минуттан асады», - дейді Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкері Наталья Баженова.



Автор: Алма Мұқанова



bottom of page