top of page

Жазғы кәсіптік бағдарлау лагерлері және колледждер базасындағы халықаралық конкурстар: Алматыдағы Жұмысшы мамандықтар жылы

Мемлекет басшысының «Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі шаралар туралы» тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласында республикалық жоспар негізінде өңірлік жоспар әзірленді, оның шеңберінде 80 іс-шара жоспарланды. 


Год рабочих профессий в Алматы

Кәсіби бағдарлау жұмысын дамыту

 

Кәсіптік бағдар беру жұмысын одан әрі дамыту шеңберінде жыл ішінде жүйелі негізде 12 іс-шара өткізу жоспарлануда.

 Осылайша, барлық мектептер мен колледждерде тиісті салалар бойынша стейкхолдерлермен дөңгелек үстелдер ұйымдастыра отырып, «Жаңа мамандықтар атласы» жобасы іске асырылуда.

Сондай-ақ, колледждер базасында мектептердің 9 және 11-сыныптарының мың оқушысын қамти отырып, «Мамандыққа тереңдеу» қалалық шеберлік сыныптары жоспарланған.

Сонымен қатар, жыл бойы 20 мың оқушыны қамти отырып, жергілікті өндірістік кәсіпорындарға оқушыларға экскурсиялар өткізу жоспарлануда.

Мектептерде кәсіптік оқу орындарымен өзара іс-қимыл жасау кезінде дайындықтың түрлі бағыттары бойынша 50 бейіндік сынып құру жоспарлануда.

Сәуір және мамыр айларында республикалық чемпионатқа ұқсас бірыңғай алаңда «WorldSkills», сондай-ақ «JasSkills», «DeafSkills» қалалық кәсіби шеберлік чемпионатын өткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар бірқатар имидждік және мотивациялық іс-шаралар жоспарланған. Сәуір айында 9-сыныптардың 10 мың оқушысын қамти және ата-аналар қауымдастығын тарта отырып, «Менің болашақ мамандығым» қалалық фестивалі өтеді.

13-15 жастағы 500 оқушы үшін демалыс кезеңінде колледждер базасында «Менің болашақ мамандығыммен жаз мезгілі» тақырыбында жазғы лагерьлер ұйымдастырылады.

 Сонымен қатар, мектеп оқушыларының колледждер базасында бірінші жұмысшы мамандығының дағдыларын игеру жобасы іске асырылатын болады: 10-11 сынып оқушылары жұмысшы біліктілігін ала отырып, «Ағаштан жасалған бұйымдарды жинаушы» және «Веб-дизайн» екі мамандығын игереді.

Жұмысшы кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру және ТжКБ тартымдылығын арттыру

Осы бағыт бойынша 17 іс-шара жоспарланған.

Ең алдымен жыл бойы Алматы қаласының тиісті колледждерінің базасында түрлі салаларда халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарын өткізу жоспарлануда:

- «ProfessionalSkills» ТМД елдерінің студенттері арасында Алматы технологиялық колледжінің базасында сервис және тамақ технологиялары саласында;

- Алматы құрылыс-техникалық колледжі базасында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Ресей колледждерінің педагогтері арасында «WorldSkills стандарттары бойынша сантехника және жылыту»;

- Алматы көпсалалы колледжінің базасында ТМД елдерінің колледж студенттері арасында WorldSkills стандарттары бойынша «Жиһаз өндірісі»;

- Алматы құрылыс-техникалық колледжі базасында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Моңғолия, Германия, Франция колледждерінің педагогтері арасында «WorldSkills стандарттары бойынша құрғақ құрылыс»;

- №2 Алматы гуманитарлық-педагогикалық колледжінің базасында педагогикалық колледж студенттері арасында «NextGen Teacher: шекарасыз білім беру»;

Сондай-ақ, Алматы сервис және технологиялар колледжі мен Алматы электромеханикалық колледжі бірлескен бағдарламаларды одан әрі іске асыру мақсатында еуропалық колледждермен халықаралық әріптестікті дамытуды жалғастырады.

Жоспарда сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен 6 мемлекеттік колледждің материалдық-техникалық базасын жаңарту және нығайту, сондай-ақ жатақханаларды салу және реконструкциялау есебінен 1720 орындық 8 жатақхананы пайдалануға беру көзделген.

Сонымен қатар, жастарды жұмысқа орналастыру үшін түрлі іс-шаралар жоспарланған:

- жұмыссыздар мен оқу орындарының жас түлектері, соның ішінде NEET санатындағы жастар үшін «Жұмысшы мамандықтары» ашық есік күнін өткізу;

- жұмыспен қамту бағдарламалары шеңберінде жұмысшы мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырудың оң мысалдары туралы бейнероликтер шығару;

- 5000 адамды қамтитын жалпы қалалық бос орындар жәрмеңкелерін ұйымдастыру.

Жұмыс берушілердің жұмысшы кадрларды даярлауға және қолдауға қатысуын кеңейту

Осы бағыт бойынша 14 іс-шара қарастырылған.

Жыл ішінде Алматының Индустриялық аймағын және «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын дамыту бойынша жеңіл автомобильдер (2200 р.м. дейін) және баламалы энергия көздерін (34 р. м. дейін) өндіру үшін жұмысшы кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі жоба іске асырылатын болады.

Год рабочих профессий в Алматы

Сондай-ақ, жоспарда «Women in business – Өнеркәсіптегі әйелдер» форумын өткізу көзделген.

Бұдан басқа, жыл ішінде мемлекеттік колледждер жанындағы салалық білім беру-өндірістік кластерлер базаларында кадрлар даярлау мәселелері бойынша жұмыс берушілермен бірлесіп форсайт-сессиялар өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар, жоспарда түрлі халықаралық жобалар қарастырылған:

- Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі базасында Қазақстанның қонақжайлылық индустриясының халықаралық сарапшылары мен жетекші кәсіпорындарының қатысуымен «Жұмысшы мамандықтарын насихаттау: технологиялар және білім беру» халықаралық конгресі;

- №2 Алматы гуманитарлық-педагогикалық колледжі базасында ЖИ-ді білім беру процесіне интеграциялау бойынша «Global Skills Forum: болашақ педагогтерді даярлаудағы үздік тәжірибелер мен инновациялар» халықаралық форумы;

- Алматы электромеханикалық колледжі базасында неміс дуальді оқытуды енгізу шеңберінде «Дуальді білім беру жүйесі және академиялық ұтқырлық: халықаралық серіктестік тәжірибесі» тақырыбындағы халықаралық телекөпір.

Сондай-ақ, елдердегі арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің халықаралық тағылымдамасы және кәсіпорындар мен ұйымдарда, оның ішінде «Жастар практикасы» жобасы шеңберінде тәлімгерлік институтын дамыту жалғасады.

 

Жұмысшы мамандықтарының имиджін ілгерілету

Жұмысшы мамандықтарының имиджін ілгерілету шеңберінде қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі 15 іс-шара жоспарланған.

Бұл, ең алдымен, түрлі конкурстар, фестивальдар мен көрсетілімдер өткізу:

- «FAMILY» саябағындағы «Бауырсақ Fest» II республикалық фестивалі;

 

Год рабочих профессий в Алматы

- «KHAMA PARK» мейрамханалар желісі базасында «ТАЙ ҚАЗАН» халықаралық гастрономиялық фестивалі: ұлттық қазақ тағамдарының аспаздық дәстүрлерін жаңғырту;

- ТМД елдерінің студенттері арасында халықаралық этно-эко-экскурсиялық спорттық-туристік конкурс;

- Халықаралық ынтымақтастық аясында «Жібек жолы» модельдерін Абай атындағы ҚҰОБТ стилобатында көрсету;

- Еңбек күні қарсаңында ақшалай және басқа да жүлделерді тапсыра отырып, «Еңбек адамы» әртүрлі жұмысшы мамандықтарының үздік өкілдерін анықтау бойынша конкурс.

Сондай-ақ, осы бағыт бойынша жоспарға мынадай іс-шараларды енгізе отырып, жұмысшы мамандықтар өкілдерінің оң имиджін ілгерілету үшін ақпараттық кеңістікті жан-жақты пайдалану көзделген:

- еңбек ардагерлері, әулеттер, өз ісінің үздік шеберлері және жас жұмысшылар туралы түрлі жұмысшы мамандық өкілдерінің қатысуымен шағын сериалдар мен бейнероликтер әзірлеу және тарату;

- БАҚ-та «Жұмысшының бір күні» атты тақырыпта мақала шығару;

- теле, радиохабарларын шығару, бейнесюжеттерді прокаттау, мақалалар циклін ұйымдастыру, қоғамда еңбек адамының оң имиджін қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік роликтер жасау;

- «#Жұмысшы мамандықтар жылы» хэштегімен экономиканың түрлі салаларындағы жұмысшылардың табыстары туралы танымал блогерлермен жұмыс істеп тұрған подкасттар шеңберінде бейнежазбаларды ұйымдастыру;

- «Еңбек адамы» моделін қоғамдық кеңістіктердегі жұмысшы адамның бейнесін визуализациялау арқылы танымал ету.

Сондай-ақ, Жұмысшы мамандықтар жылының аясында жұмысшы мамандық өкілдерін, жұмысшылар мен экономиканың түрлі салаларының ардагерлерін құрметтей отырып, кәсіби мерекелерді атап өту көзделген. 

 

Год рабочих профессий в Алматы

Жұмысшы кадрлардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту

Осы және маңызды бағыттардың бірі бойынша құқықтарды қорғауға, құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыруға, жұмысшы кадрлардың еңбегін қорғау мен қауіпсіздігін жетілдіруге бағытталған қалалық конкурстар, семинарлар мен челлендждер көзделген.

 

Жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру

Жастарды қоғамдық өмірге тарту мақсатында жоспарда түрлі экологиялық акциялар, конкурстар, турнирлер, спартакиадалар, әскери байқаулар, тақырыптық экскурсиялар көзделген.

Сонымен қатар, Алматы көпсалалы колледжі базасындағы «Бизнес-стартап» орталықтары арқылы колледж студенттерінің кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыруға және Халықаралық бизнес академиясы колледжінің базасында «Мен кәсіпкермін» республикалық гранд-турнирін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Жалпы, Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу қала басшылығының ерекше бақылауында.

 

Comentarios


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page