top of page
Search

Астанада тестологиядан оқыту курсының 350 қатысушысы үшін офлайн-тренингтер ұйымдастырылды

08.01.2024.


2024 жылғы 3-7 қаңтар аралығында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тестологиядан оқыту курсының 350 қатысушысы үшін «Ұлттық бірыңғай тестілеуді бағалау жүйесін жақсарту» тақырыбында офлайн-тренингтер өткізді, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


тренинг по тестологии РК

Тренингтер тестологиядан курс бағдарламасын оқытудың екінші кезеңіне сәйкес ұйымдастырылып жатыр, олардың мақсаты әзірлеушілерді, тестілеу бойынша сарапшыларды, ҰТО мамандарын халықаралық тәжірибеге сәйкес тапсырмаларды тиімді әзірлеуге және сараптауға оқыту.


Іс-шараның жабылу салтанатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек курс бағдарламасын оқытудың барлық кезеңінің негізгі нәтижелерін атап өтті.


Саясат Нурбек

«Жиі, қарқынды және қажетті өзгеріс білімді бағалаудың жаңа трендіне айналуда. Сондықтан бұл жоба өте маңызды. ҰБТ – үлкен деректер көзі. Қазір үлкен тәжірибе жиналды. Енді біз ақылды өлшеу және сараптамалық құнды ақпарат беретін тестілеуге көшуіміз керек. Бұл курс – осы бағытта атқарылып жатқан маңызды қадамдардың бірі. Қазақстандағы білімді бағалау жүйесін дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін барлық қатысушыға алғыс айта отырып, оқытудың келесі кезеңдерінде сәттілік тілеймін», – деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы қазан айында Дүниежүзілік Банктің «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы аясында Қазақстанның білім беру ұйымдарынан, оның ішінде сарапшы-тестологтар мен талдаушылардан 350 маманды оқыту курсы басталды.


Оқу курсының бағдарламасы төрт кезеңнен тұрады, қорытынды кезеңдер ағымдағы жылдың наурыз айында өтеді. Курс қорытындысы бойынша қатысушыларға ҰТО жобаларына қатысуға мүмкіндік беретін халықаралық үлгідегі сертификаттар беріледі.



bottom of page