top of page

Астаналық театр жаңа қойылым арқылы нашақорлық мәселесін көтерді

14 hours ago
1 min read

Астанада «Заң және тәртіп» және «Астана — нашақорлықсыз қала» бағдарламалары аясында нашақорлықтың салдары мен нашақорлықтан арылу мәселелерін көтеретін «Өмірің өз қолыңда» спектаклінің премьерасы өтті. Қойылымды астаналық Жас көрермендер музыкалық театры ұсынды,«Замануи білім беру» журналы Астана әкімдігінің білім басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Астаналық театр жаңа қойылым арқылы нашақорлық мәселесін көтерді

Спектакльдің авторы — перформанс жанрындағы Эльдар Тоқтасын, режиссёр-қоюшы — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Мәемиров. Қойылымда нашақорлық тәуелділігінің адам өміріне тигізетін зиянды салдары, отбасылық құндылықтар, жақындардың қолдауы және қиын жағдайдан шығудың жолдары көрсетілген. Спектакльдің басты музыкалық тақырыбы ретінде Сейдолла Бәйтерековтің Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған «Өмірің өз қолыңда» әні таңдалған.


Спектакльдің сюжеті бойынша, жеті жыл бұрын үйден шығып, хабарсыз кеткен Мұратты інісі Ералы іздеп табады. Нашақорлыққа тәуелді ағасын құтқару үшін ол оны оңалту орталығына әкеледі. Онда Мұрат бұрынғы сүйіктісі Жамалмен қайта кездеседі. Жақындарының қолдауы мен өткен өмірге деген сағыныш оны өз тағдырына жаңаша көзқараспен қарауға шақырады.


Астаналық театр жаңа қойылым арқылы нашақорлық мәселесін көтерді

Режиссёр-қоюшы Асхат Мәемировтің айтуынша, бұл театрдың «Заң және тәртіп» қағидаты аясындағы қоғамның өзекті мәселелерін көтеруге бағытталған үшінші қойылымы.


«Бұған дейін біз Мадина Омарованың «SOS» және Қолғанат Мұраттың «Екі ғұмыр» спектакльдерін қойған болатынбыз. Жаңа қойылымда біз нашақорлық мәселесін көтеріп, тәуелділікке тап болған адамға сүйіспеншілік пен қайырымдылық арқылы көмектесуге болатынын көрсеткіміз келді», — деді Асхат Мәемиров.


Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page