Бүгін Қазақстанда Нан күні атап өтіледі
2019 жылғы қыркүйекте Үкіметтің қаулысымен Қазақстан Республикасының мерекелік күндерінің тізбесіне толықтыру енгізілді, соған сәйкес 16 қазан - Нан күні болып белгіленді. Бұл мереке дастарқанымыздағы нанның артында қаншама адамның қажырлы еңбегі тұрғанын еске салады: диқандар мен агрономдар, ұн тартушылар мен наубайшылар.

Қазақ халқы нанды ежелден ерекше қастерлеген. «Ас атасы – нан» деп бекер айтпаған. Нан – молшылық пен берекенің, қонақжайлық пен шаңырақ жылуының символы. Әр шаңырақта тыныштық пен береке орнап, туған-туыс пен жақын жандар жаңа піскен нанның дәмін бөлісіп, дастарқан басына жиі жиналсын!
Мереке құтты болсын!

Comments