top of page

Азаматтық авиация академиясында халықаралық семинар басталды

Бүгін Қазақстандағы Азаматтық авиация академиясының ICAO авиациялық қауіпсіздік оқу орталығында азаматтық авиациядағы тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша төрт күндік семинар-практикум басталды.



Семинарды Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы (ICAO) сертификаттаған нұсқаушылар жүргізеді. Іс-шараға Қырғызстан, Түркменстан, Молдова, Әзірбайжан және Қазақстаннан авиациялық қауіпсіздік мамандары қатысуда.


Семинардың мақсаты – азаматтық авиация қауіпсіздігін арттыру үшін тәуекелдерді басқарудың заманауи әдістерін үйрету.



Бағдарлама аясында қатысушылар:

  • Қауіптерді, осал тұстарды және ықтимал салдарын анықтау және бағалау сияқты тәуекелдерді талдау әдістерін меңгереді;

  • Тәуекелдерді басқару құралдары мен тиімді қауіпсіздік шараларын әзірлеуді үйренеді.


Жоғары білікті мамандардың басшылығымен қатысушылар халықаралық стандарттар мен озық тәжірибелер туралы өзекті білім алады, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік саласындағы кәсіби дағдыларын арттырады.



Семинар білікті кадрларды даярлауда, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда және елдер арасында тәжірибе алмасуда маңызды қадам болып табылады. Алынған білім әлемдік авиациялық қауіпсіздікті дамытуға және қатысушы елдердің авиациялық жүйелерінің қорғалу деңгейін көтеруге үлес қосады.


Фарид Новрузов, Әзербайжан: Мұндай семинарлар жеке дара емес, әлемдік авиация саласының дамуында үлкен рөл атқарады. Бүгінде авиациялық тәуекелдерді басқару мәселелері әрбір мемлекет пен әрбір халық үшін маңызды приоритетке айналған отыр. Осындай шаралар жаңа, өзекті ақпарат алуға, тәуекелдерді тиімді басқаруға, қауіп-қатерлер мен осалдықтарды бағалауға, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін стратегиялық шараларды әзірлеуге көмектеседі.

 

 

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page