top of page

Дубайдағы халықаралық робототехника жарысында ақмолалық команда абсолютті жеңімпаз атанды

Бурабай ауданындағы «Білім-инновация» IT лицейінің BILMS командасы Дубай қаласында өткен халықаралық First робототехника жарысында — FLL Dubai First Off-Season 2025 сайысында 1-орын алып жеңіске жетті!



Команда құрамы:

- Досай Әли

- Кадралинова Амина

- Іңкәрбай Ескендір

- Шортаева Асылжан


«Оқушыларымыз жоғары дайындықты, керемет командалық жұмысты және техникалық шеберлікті танытты. Бұл жеңіс — бірнеше айлық тынымсыз еңбектің, табандылықтың және өз күшіне деген сенімнің жемісі»,- деп айтты команда жетекшісі Ерлан Аманқосов.

Барша қатысушыларды, лицей ұжымын осы зор жетістікпен құттықтаймыз!

Comentarios


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page