top of page

Душанбеде өткен халықаралық көрмеде қазақстандық жоғары оқу орындары таныстырылды

6-10 сәуір аралығында Душанбеде (Тәжікстан Республикасы) білім, ғылым және инновациялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған «Тәжікстан 2026» үшінші халықаралық фестиваль-көрмесі» өтеді. Іс-шара барысында қазақстандық жоғары оқу орындарының көрмесіне ерекше назар аударылды, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Душанбеде өткен халықаралық көрмеде қазақстандық жоғары оқу орындары таныстырылды

Қазақстан Республикасының ұлттық павильонында еліміздің жетекші университеттері өздерінің білім беру бағдарламаларын, ғылыми әзірлемелері мен инновациялық жобаларын таныстырды.


Салтанатты ашылу рәсімінен кейін Тәжікстанның Премьер-министрдің орынбасары Ғылым және жоғары білім министрімен бірлесіп, қазақстандық павильонды аралап, отандық жоғары оқу орындарының негізгі жетістіктері мен әлеуетімен танысты. Көрме экспозициясы шетелдік қатысушылар мен қонақтардың жоғары қызығушылығын тудырды.


Қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық көрмеге қатысуы академиялық ұтқырлықты кеңейтуге, шетелдік студенттерді тартуға, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Бағдарлама аясында «Білім сапасы және халықаралық стандарттар» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, онда әртүрлі елдердің білім беру жүйелерін салыстыру және жоғары білім беру саласына озық халықаралық тәжірибелерді енгізу мәселелері талқыланды.


«Тәжікстан 2026» фестиваль-көрмесін өткізу халықаралық диалогты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және білім беру мен ғылыми ұйымдар арасындағы тұрақты серіктестікті дамытуға ықпал етеді.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page