Елімізде республикалық «Қола домбыра» оқушылар айтысы өтті
- Редакция "СО"

 - 9 hours ago
 - 1 min read
 
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағымен бірлесіп, дәстүрлі түрде екінші жыл қатарынан республикалық «Қола домбыра» оқушылар айтысын ұйымдастырды. Биылғы айтыс «Жасанды интеллект пен еңбек адамы» тақырыбына арналды, передает журнал «Современное образование» со ссылкой на пресс-службу МП РК.

Додаға еліміздің 20 өңірінен 10-18 жас аралығындағы 22 жас ақын қатысты. Айтыстың басты мақсаты – ұлттық өнерді дәріптеу, жас дарындарды қолдау және олардың суырыпсалмалық қабілетін дамыту.
Айтыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:Бас жүлде және «Қола домбыра» иегері – Інжу Жаңабай (Жамбыл облысы);* I орынды Нұрислам Рагат (Қостанай облысы) иеленді;* II орынды Ақнұр Зинулла (Алматы облысы), Мейіржан Баршынбай (Павлодар облысы) бөлісті;* III орын – Айғаным Мақсұтқанова (Астана қаласы), Белес Өтепберген (Ақтөбе облысы), Айша Бақтияр (Шымкент қаласы).
Барлық қатысушыларға Алғыс хаттар мен қаржылай сыйақылар табыс етіліп, жас ақындардың тәлімгер-ұстаздары да марапатталды. Сондай-ақ жас ақындар арнайы жүлделерге ие болды.
Айтыс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «El Umiti» корпоративтік қоры, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірлескен ұйымдастыруымен өтті.



Comments