top of page
Search

Еуропадағы №1 авиациялық ЖОО мен Қазақстанның азаматтық авиация академиясы арасында меморандумға қол қойылды


Академия гражданской авиации Казахстана

2023 жылғы қарашадағы кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстанның азаматтық авиация академиясы мен Азаматтық авиация ұлттық мектебі – ENAC арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қол қою рәсімі ИКАО Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық Азаматтық авиацияның бас директорларының (EURNAT-DGCA) кездесуі барысында өтті. Меморандум кадрлар даярлау, академиялық ұтқырлық және бірлескен ғылыми жобалар саласындағы одан әрі келісімдерді жүзеге асыруға кепілдік болып табылады.


ENAC азаматтық авиация ұлттық мектебі (французша École nationale de l'aviation civile) авиация мамандарын дайындайтын француз жоғары мектебі және Еуропадағы №1 авиациялық университет болып табылады. ENAC бүгінде Еуропада және бүкіл әлемде аэронавтика саласындағы негізгі альма-матер болып табылады, оқу орны бір-бірін толықтыратын үш салада: инженерия, ұшу, аэронавигация мамандарды дайындау бойынша сарапшы ретінде танылды.


Бұл ИКАО, IATA, EASA, ACI, FABEC халықаралық бағдарламаларымен танылған әлемдегі жалғыз университет. Университет бакалавриат, магистратура және PhD докторантурасы үшін 31 білім беру бағдарламасын ұсынады. Сонымен қатар, ENAC зерттеу және инновациялар саласындағы жетістіктерімен танымал.


Жалпы, ENAC-пен ынтымақтастық Азаматтық авиация академиясының мамандарды даярлау деңгейін арттыруға, оқу әдістерінің жетілдіруіне және білім беру ортасында заманауи тәжірибелерді қолдануға мүмкіндіктер ашады.



bottom of page