Жаслан Мәдиев DeepLearning.AI компаниясымен келіссөздер жүргізді
- Редакция "СО"

- 2 hours ago
- 1 min read
Давос қаласында өткен Дүниежүзілік экономикалық форум (WEF) – 2026 аясында қазақстандық делегация технологиялық компаниялар, халықаралық ұйымдар, қаржы институттарымен және мемлекеттік серіктестермен мазмұнды әрі нәтижелі кездесулер сериясын өткізді.

Күн тәртібі цифрлық трансформацияның жасанды интеллект пен GovTech, егеменді есептеу инфрақұрылымы мен деректер орталықтары, телекоммуникация және спутниктік байланыс, финтех, киберқауіпсіздік, ЖИ-білім беру сияқты практикалық бағыттарын қамтып, экономиканың нақты секторларына, оның ішінде денсаулық сақтау мен өнеркәсіпке технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.
Форумда Қазақстан атынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Асель Жанасова қатысты. Форум аясында олар цифрлық мемлекеттік басқару, жасанды интеллектті дамыту, инфрақұрылым және деректерді қорғау тақырыптарындағы салалық пікірталастарға да қатысты.
DeepLearning.AI ұйымының негізін қалаушылардың бірі, Стэнфорд университетінің профессоры Эндрю Ын және AI Aspire компаниясының тең басқарушы серіктесі Кирсти Тан қатысқан кездесуде AI Nation тұжырымдамасын дамыту және ЖИ-білім беруді ауқымдау мәселелері талқыланды. Coursera платформасы негізінде Қазақстанда жаппай онлайн оқытудың табысты тәжірибесі атап өтілді. Кездесу қорытындысы бойынша екі тәжірибелік бағыт, яғни ұлттық ЖИ оқыту бағдарламасын әзірлеу және AI University жобасын дамыту бағыттары айқындалды



Comments