top of page

Жетісу университетінде диплом табыстау рәсімі ерекше форматта өтті

Биыл Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлектері үшін диплом табыстау рәсімі ерекше әрі әсерлі форматта ұйымдастырылды. Үш күн қатарынан Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының кең залы қуаныш пен шаттыққа толы болды. Салтанатты шараға келген ата-аналар, туған-туыстар мен достар түлектердің қуанышын бөлісті.

ree

Университетті биыл 1044 түлек аяқтап, үлкен өмірге жолдама алды. Олардың қатарында 113-і үздік диплом иегері атанса, 360 білім алушы магистр академиялық дәрежесін иеленді.


Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Манап Қобылан, Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков, Жетісу облысының Әдеп жөніндегі уәкілі Ғабит Тұрсынбай, облыстық ТЖД бастығы Нұрлан Бекбосынов, Қазақстанның құрметті журналисі Әміре Әрін, Қоғамдық даму басқармасының басшысы Бауыржан Абибеков, сондай-ақ аудан әкімдері мен облыстық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары қатысып, түлектерге сәт-сапар тіледі.

ree

Салтанатты рәсімде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт жас түлектерге ақ батасын берді.


Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма төрағасы – ректор Ермек Бөрібаев өз құттықтауында:

«Білімді маман – ел болашағының тірегі, қоғам дамуының қозғаушы күші. Сондықтан бүгінгі жастарға артылар үміт пен сенім мол. Қай салада еңбек етсеңіздер де, кәсіби біліктілікпен қатар жауапкершілік пен адалдық сияқты асыл қасиеттерден алыстамаңыздар. Алдағы өмір жолдарыңыз жарқын болсын!

Құрметті ата-аналар мен оқытушылар, бүгінгі қуаныш – сіздердің де еңбектеріңіздің жемісі. Өздеріңізге алғыс білдіре отырып, зор денсаулық пен табыс тілеймін», – деп түлектерге ізгі тілегін жеткізді.

ree

Салтанатты рәсім барысында университеттің қоғамдық өміріне белсене араласқан түлектер де назардан тыс қалмады. Олар «Белсенді қоғамдық қызметі үшін» медалімен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page