top of page
Search

Жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық перспективалары жөніндегі семинар-тренинг өтті

Қазмедиа орталығында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Қазақстан мен Германия арасындағы жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық перспективалары жөніндегі семинар-тренинг өтті. ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Іс-шараға ГФР Федералдық білім және ғылыми зерттеулер министрлігінің өкілдері, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов, қазақстандық және неміс университеттерінің өкілдері, сондай-ақ ғылым және білім саласындағы сарапшылар қатысты.


Іс-шара барысында қатысушылар жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады. Пікірталас барысында екі ел арасындағы ғылыми ынтымақтастық құралдары және ғылыми қызмет пен қоғам арасындағы байланыс сынды тақырыптар қозғалды.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов өз кезегінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы мен 500 ғалымға арналған ғылыми тағылымдамалар бағдарламасын іске асыру барысы туралы айтып берді. «Мемлекет басшысының тапсырмасымен жыл сайын 500 қазақстандық ғалым мемлекет есебінен тағылымдамадан өтіп, бірлескен зерттеулер жүргізеді. Биыл отандық ғалымдар әлемнің 32 елінен 416 жетекші ғылыми ұйымда тағылымдамадан өте алады», - деп атап өтті Олжас Сәкенов.

Кездесу соңында қатысушылар ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағыттарын белгіледі.




bottom of page