top of page

Жұлдыз Сүлейменова Павлодардағы IT мамандарын даярлау тәжірибесімен танысты

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Ақпараттық технологиялар жоғары колледжіне барды. Министр оқу орнындағы мамандар даярлау үдерісімен, IT-Hub қызметімен және студенттердің практикалық жобаларымен танысты, «Замануи білім беру» журналы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Жұлдыз Сүлейменова Павлодардағы IT мамандарын даярлау тәжірибесімен танысты

IT-Hub студенттердің заманауи цифрлық жобаларды жүзеге асырып, WorldSkills кәсіби шеберлік чемпионаттарына дайындалуына арналған практикалық алаң ретінде жұмыс істейді. Колледждегі жасанды интеллектіні интеграциялау жөніндегі ғылыми-қолданбалы орталықта 50-ден астам жоба іске асырылып, олардың көпшілігі тәжірибеге енгізілген. Солардың қатарында өңірдің жүздеген мектебінде қолданылатын «Uirme» жүйесі бар.


Колледж Павлодар облысында NVIDIA DGX Spark есептеу жүйесі енгізілген алғашқы оқу орны. Бұл студенттерге дайын жасанды интеллект құралдарын пайдаланумен шектелмей, өз модельдерін әзірлеуге, алгоритмдерді сынауға, машиналық көру және үлкен деректерді талдау технологияларымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.


Бүгінде колледжде 1270 студент білім алады. Олардың басым бөлігі бағдарламалау және ақпараттық қауіпсіздік бағыттары бойынша даярланып жатыр.


Жоғары колледж мәртебесінің берілуі студенттердің білім алу траекториясын кеңейтті. Оқу орны бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік және менеджмент бағыттары бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын іске қосуды бастайды. Бұл түлектерге колледжден кейін оқу орнын ауыстырмай, білімін жалғастырып, қолданбалы бакалавр біліктілігін алуға мүмкіндік береді.


Колледждің «Бағдарламалық қамтамасыз ету» бағдарламасы Ұлыбританияның City & Guilds «Assured» халықаралық салалық аккредитациясынан өтті. Сонымен қатар оқу орны жасанды интеллект бағыты бойынша Қазақстан-Қытай колледждер альянсына қосылды. Бұл студенттердің халықаралық талаптарға сай құзыреттерді меңгеруіне және бірлескен жобаларға қатысуына жаңа мүмкіндіктер ашады.


Жұлдыз Сүлейменова Павлодардағы IT мамандарын даярлау тәжірибесімен танысты

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page