«Каспий ойындары – 2026»: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті командасының жетістіктері
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті студенттері Ақтау қаласында өтіп жатқан VIII Халықаралық «Каспий ойындары – 2026» жарысында өнер көрсетіп жатыр. «Каспий ойындары» – Каспий маңы елдерінің жоғары оқу орындары арасындағы спорттық байланысты нығайтып, студенттердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін халықаралық жарыс.

Халықаралық додаға Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Иран және Түрікменстанның жоғары оқу орындарынан келген студент-спортшылар қатысуда.
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің спортшылары жарыстың алғашқы күнінде жоғары нәтиже көрсетіп, баскетболдан Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің командасын 76:58 есебімен жеңді.
Сонымен қатар, жүзу спортынан университет спортшылары 3 алтын және 1 қола медальды жеңіп алды. Алтын медальды - 1-курс студенті, Қазақстан республикасының спорт шебері Дарья Чеснокова еншіледі.

Айта кетейік, бұған дейін РФ Астрахань қаласында өткен «Каспий ойындарында» Атырау университетінің командасы 12 жоғары оқу орны арасында үздік нәтиже көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанған болатын.
Университет спортшыларына алдағы бәсекелерде сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!

Comments