top of page

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері халықаралық байқауында жүлделі орынға ие болды

NAcSIR ұйымының ұйымдастыруымен ғылыми-білім беру мекемелері арасында өткізілген дәстүрлі халықаралық «Жылдың үздік жас ғалымы – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды.


ree

Аталмыш байқауда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғылымға құштар студенттері де оза шапты. Атап айтқанда, «Заң» факультетінің 23-1р2 тобының студенттері Даниял Серік пен Әсел Турдыбаева ғылым мен білім саласына қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі диплом және арнайы медальмен марапатталды.


Жас ғалымдарды лайықты жеңісімен құттықтай отырып, алдағы ғылыми ізденістеріне сәттілік тілейміз!

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page