Магистратура бойынша 2025-2026 оқу жылына арналған білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды
- Редакция "СО"
- 2 days ago
- 1 min read
Магистратура бойынша 2025-2026 оқу жылына арналған білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.
Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 20 мыңнан астам адам қатысты.
Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2025 жылдың 28 тамызына дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін төмендегі сілтемелерден көре аласыздар:
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Telegram арнасы https://t.me/SayasatNurbek ;
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі https://t.me/gylym_jogary_bilim ;
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтынан https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk ;
Ұлттық тестілеу орталығы https://t.me/uto92
Грант туралы дайын куәлікті grant.testcenter.kz сайтынан (ЖСН және ТЖК енгізу арқылы) жүктеуге болады. ТЖК КТ сертификатында жазулы тұр.
Болашақ магистранттардың оқуға қабылдануы 2025 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.
Comments