top of page

Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды

20 hours ago
1 min read

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипп және Патшайым Матильдамен бірге Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығын аралап көрді, «Замануи білім беру» журналы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды

Ұлттық балаларды оңалту орталығы психоневрологиялық дертке шалдыққан, сөйлеуінде, когнитивті дамуында және мінез-құлқында бұзылыстары бар, соның ішінде церебралды сал аурына душар болған және аутистік спектрі бұзылған балаларға кешенді көмек ұсынады. Жыл сайын Қазақстанның барлық аймағынан 5 мыңнан астам пациентке оңалту қызметтері көрсетіледі.


Мәртебелі меймандар дамуында ауытқуы бар балаларға кешенді көмек көрсету тәртібімен танысты.


Бельгия Королі мен Патшайымына ерекше қажеттіліктері бар балалардың коммуникативтік дағдыларын, таным-түйсігін және өз бетінше әрекет ету қабілетін шыңдауға бағытталған медициналық, психологиялық-педагогикалық оңалтудың және әлеуметтік бейімдеудің заманауи әдістері туралы баяндалды.


Жеке қалпына келтіру бағдарламаларында роботтандырылған реабилитация технологиясы да қолданылады.


Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды

Орталық жұмысында әлеуметтік интеграцияға және балалардың қоғам тіршілігінен тыс қалмай, толыққанды өмір сүруіне жағдай жасауға айрықша мән беріледі.


Король Филипп пен Патшайым Матильда балалармен, олардың ата-аналарымен және медицина қызметкерлерімен әңгімелесіп, интерактивті бағдарламаға қатысты.

Бұдан кейін меймандар Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page