top of page

НААР 2025 рейтингі бойынша ҚАТЗУ – Қазақстан ЖОО-дары арасында үздік үштік қатарында!

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (ҚАТЗУ) Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) құрастырған 2025 жылғы ҚР үздік 20 жоғары оқу орнының бас рейтингінде 3-ші орынды иеленіп, елдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі екендігін тағы да дәлелдеді.



Үздік үштікке енген ЖОО-лар:

  1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  2. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  3. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (ҚАТЗУ)

 ҚАТЗУ бірнеше жыл қатарынан АРТА рейтингісінде жоғары орындардан көрініп, еліміздің үздік үш ЖОО-сының қатарынан тұрақты орын алуда.

 

ҚАТЗУ сандары — 2025 жылғы рейтинг нәтижелері

Білім беру деңгейі

ТОП-3 қатарындағы ББТ саны

Бакалавриат

15

Магистратура

22

Докторантура

20

Жалпы

57 бағдарлама

 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ұжымын осы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page