Оқу-ағарту министрлігі «Мен ұсынған 7 кітап» челлендж-эстафетасын жариялады
- Редакция "СО"

- 2 hours ago
- 1 min read
Сәуір айының 13- 23 аралығында елімізде Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне арналған онкүндік өтуде. Шара аясында Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы баспалар арасында «Мен ұсынған 7 кітап» челлендж-эстафетасын жариялады, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
.

Бұл бастаманың негізгі мақсаты – қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырман қызығушылығын арттыру, сондай-ақ ұлттық әдеби мұраны дәріптеу.
Челлендж-эстафетаға қатысушы баспалар өз қорларынан оқырман қауымға ұсынуға лайықты 7 кітапты іріктеп, оларды ақпараттық ресурстар мен әлеуметтік желілерде жариялайды.
Сонымен қатар, бұл бастамаға кез келген азамат қатыса алады. Қатысушылар әлеуметтік желілерде сүйікті кітаптары туралы ұсыныстарын жариялап, ол кітаптардың маңызы туралы өз ойларымен бөлісе алады. Челлендж-эстафетасына қатысушылар төмендегі хэштегтерді қолдана алады.



Comments