top of page

Оқу-ағарту министрлігінде жаңа тағайындаулар

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың бұйрығымен Фариза Сансызбайқызы Дүйсенбаева Заң департаментінің, ал Жанат Карекенұлы Игисинов Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры болып тағайындалды, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Оқу-ағарту министрлігінде жаңа тағайындаулар

Фариза Дүйсенбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, Челябинск мемлекеттік университетінің магистратурасын осы мамандық бойынша тәмамдаған.


Еңбек жолын 2014 жылы сот жүйесінде бастаған. 2018-2023 жылдары қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі мен цифрлық даму салаларындағы мемлекеттік органдардың заң департаменттерінде жұмыс істеген. 2023 жылдан бастап Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментінде басқарма басшысы, кейін департамент директорының орынбасары болды. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 12 жылдан асады.


Жанат Игисинов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінде, Қарағандыдағы «Болашақ» институтында және Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде кәсіптік оқыту, құқықтану және экономика мамандықтары бойынша білім алған.


Еңбек жолын 2002 жылы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде бастаған. 2008 жылға дейін мәдениет және ақпарат саласындағы орталық мемлекеттік органдарда қызмет атқарған. 2008 жылдан бері білім беру саласында үздіксіз еңбек етіп келеді. Білім және ғылым министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінде бас сарапшы, басқарма басшысы болды, ал 2023-2026 жылдары Бақылау және өтініштермен жұмыс департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 24 жылдан асады.


Тағайындаулар кәсіби тәжірибе, біліктілік пен қызметтік өсу ескеріліп, меритократия қағидатына сәйкес жүзеге асырылды.


Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жаңа басшыларды қызметке тағайындалуымен құттықтап, тиісті бағыттардағы жұмысты жүйелі ұйымдастыруды және қойылған міндеттердің сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.


Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page