top of page

«Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» білім беру салаларына түсу үшін тапсырылатын арнаулы емтихандар басталды

«Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» білім беру салаларына түсу үшін тапсырылатын арнаулы емтихандар 20 маусым мен 20 тамыз аралығында жоғары оқу орындарында онлайн немесе офлайн форматта өткізіледі.

ree

Әрбір ЖОО емтихан тапсыру форматын және күнін өзі белгілейді.


Арнаулы емтихан грант конкурсына қатысу үшін де, ақылы оқуға тапсыру үшін де міндетті емтихан болып табылады.


Арнаулы емтиханды кез-келген ЖОО-да тапсыруға болады. Емтихан «өтті» немесе «өтпеді» деген нысанда бағаланады.


Нәтижелері емтихан өткізілген күні жарияланады.


Педагогикалық мамандыққа да, медициналық мамандыққа да тапсыруға ниетті талапкерлер арнаулы емтиханды педагогикалық бағыт бойынша да, медициналық бағыт бойынша да тапсыру керек.


Арнаулы емтиханды онлайн форматта өткізетін жоғары оқу орындарының тізімі біздің телеграм каналымызда жарияланған.


Қосымша сұрақтарыңыз бойынша ЖОО-лардың қабылдау комиссияларына хабарласуға болады.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page