top of page

С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ-да студенттердің QazaqGaz өкілдерімен кездесуі өтті

20 hours ago
1 min read

Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына қарасты С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде студенттердің QazaqGaz компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті. Іс-шара жұмысқа орналасу мәселелеріне және сұранысқа ие техникалық мамандықтарға арналды.


В КАТИУ прошла встреча студентов с представителями QazaqGaz

Жиынды ҚАТЗУ Инжиниринг және тағам технологиялары институтының директоры Ержан Ахметов ашты. Ол QazaqGaz компаниясының Қазақстанның газ саласындағы ірі жобаларды іске асырып жатқандығын атап өтті. Кездесу «Самұрықнама: 20 игі іс» корпоративтік бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты — студенттерді сұранысқа ие техникалық мамандықтармен және кәсіби даму мүмкіндіктерімен таныстыру.

Компания өкілдері кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, атқаратын жұмыстары туралы әңгімеледі. Студенттермен өткен кездесуді қоршаған ортаны қорғау жөніндегі менеджері Гаухар Токушева үйлестірген болатын.


Шара барысында қатысушылар қонақтарға саладағы жұмыс пен компаниядағы кәсіби бағыттар туралы көкейдегі сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды.


Айта кетейік, бұл кездесу SEIFULLIN жастарына QazaqGaz компаниясының қызметі және ондағы сұранысқа ие техникалық мамандықтар туралы көбірек білуге мүмкіндік береді..

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page