top of page

Саясат Нұрбек: АҚШ сапарынан кейінгі ойлар

ree

«Мемлекет басшысы бастаған делегация құрамында АҚШ-қа жасаған сапардан кейінгі демалыс күндері осы сапардың нәтижелеріне кеңірек, тек дипломатиялық емес, стратегиялық тұрғыдан қарауға мүмкіндік берді, – дейді Саясат Нұрбек. – Бүгін білім мен ғылым саласындағы келісімдер туралы бөліскім келеді.


АҚШ-та жасалған жаңа әріптестіктер мен келісімдер – бұл еліміздің адами капиталы, технологиялар мен халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы стратегиялық қадам.


Бірінші бағыт – интеллектуалдық және технологиялық серпін.


Қазір Қазақстан басты басымдықты адам капиталына, интеллектуалды технологияларға және халықаралық серіктестікке беріп отыр. Әрбір қол қойылған құжат – білім, ғылым және инновация жүйесіндегі жүйелі өзгерістердің іргетасы.


Бұл бастамалар технология тілін еркін меңгерген, зерттейтін, жасайтын және өзгелерге үйрететін жаңа буынды қалыптастырады.


Білім беру әлемі күн сайын өзгеріп жатыр. Қазақстан осы үдерісте жаһандық трендтердің алдыңғы қатарына шығып, жасанды интеллектіні университеттік жүйеге енгізуге бет бұрды.


OpenAI компаниясымен жасалған келісім – дәстүрлі оқытудан жеке бейімделген білім беруге өтудің бастауы.


ChatGPT Education платформасы енді студенттердің цифрлық тәлімгері, оқытушылардың көмекшісі болмақ. Ол оқу материалдарын студент деңгейіне қарай бейімдеп, тестілеуді автоматтандырып, сыни ойлауды диалог арқылы дамытады.


Сонымен қатар Coursera платформасымен әріптестік Қазақстанға халықаралық академиялық желінің бір бөлігі болуға жол ашып отыр.


Еліміздің кез келген өңіріндегі студент енді Стэнфорд, Йель, MIT секілді үздік университеттердің онлайн бағдарламалары мен сертификаттарына қол жеткізе алады.


Осы екі келісім бірге білім алудың жаңа экожүйесін қалыптастырады.

Қазақстан енді әлемді қуып келе жатқан ел емес, онымен тең серіктес ретінде қатар жүріп келеді.


ree

Екінші бағыт – халықаралық интеграция және академиялық хабтар.


Жасанды интеллект аудиторияларға еніп, Coursera жаһандық курстарды ашып, қазақстандық университеттер халықаралық білім орталығына айналуы бір ғана нәрсені білдіреді — ел енді идеялар мен білім деңгейінде бәсекелесуге дайын.


Осылайша Қазақстан ғылым, инновация және цифрлық білім саласында өңірлік көшбасшы рөлін нақты жобалар, әріптестіктер мен шешімдер арқылы бекітіп келеді.


ree

Үшінші бағыт – білім және зерттеу алаңдарын құру.


Білім беруді жаңғырту тек технология енгізумен шектелмеуі керек. Ең бастысы - жаңа идеялар туатын орта қалыптастыру.


Осы тұрғыда Colorado тау-кен мектебі және Arizona State University университеттерімен жасалған келісімдер осындай алаңдардың іргетасын қалайды.


Жезқазғандағы «Ұлытау» университеті жобасы — жай ғана академиялық бастама емес. Бұл жоба ғылым, білім және өндірісті біріктіретін инженерлік-индустриялық кластердің негізін қалайды.

Университет тау-кен металлургия саласына жаңа буын инженерлерін даярлап, зертханалар мен инженерлік орталықтарды әлемдік деңгейде құруды көздейді.


Arizona State University мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті және Q University арасындағы серіктестік халықаралық білім стандарттарын енгізуге, қос дипломды бағдарламалар мен академиялық алмасуларға бағытталған.


Енді қазақстандық студенттер елден шықпай-ақ америкалық оқу бағдарламалары бойынша білім алып, ал оқытушылар халықаралық ғылыми гранттар мен зерттеу ресурстарына қол жеткізе алады.


Қорытынды


Бүгінде Қазақстан білім, ғылым және технологияны мұнай мен уран секілді стратегиялық ресурс ретінде қарастырып, жаңа үлгі қалыптастыруда.


Басты басымдық – ойлай алатын, ойды жүзеге асыра алатын және зерттей білетін адамдарға беріледі. Өйткені дәл осындай ұрпақ елдің болашағын айқындайды.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page