top of page

Сентябрьдегі ҚАЗТЕСТ-ке өтінім қабылдау басталды

18 қыркүйекте қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған электронды форматта ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуі келесі қалаларда өтеді: Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Орал, Петропавл, Павлодар, Семей, Талдықорған, Түркістан.


Сентябрьдегі ҚАЗТЕСТ-ке өтінім қабылдау басталды

Өтініш қабылдау мерзімі: 7 – 16 қыркүйек аралығында

Тестілеу күні: 18 қыркүйек


Өтінімдер app.testcenter.kz сайтында қабылданады:

  • сайтта тіркеліңіз;

  • «Өтініш беру» басыңыз;

  • «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ» таңдаңыз;

  • «ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу» басыңыз.


ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу төрт блоктан тұрады:

  • Тыңдалым – 20 тест тапсырмасы (20 минут);

  • Оқылым – 40 тест тапсырмасы (50 минут);

  • Жазылым – 2 тапсырма (50 минут);

  • Айтылым – 2 тапсырма (7 минут).


Сертификат алу үшін тестіленуші әрбір блок бойынша қажетті шекті балды жинауы тиіс.

Жазылым және Айтылым блоктары бойынша тестілеудің нәтижелері тестілеу аяқталған күннен кейін 15 жұмыс күні ішінде app.testcenter.kz сайтындағы тестіленушінің жеке кабинетінде жарияланады.


Тестілеуге қатысу құны – 7 121 теңге.


Толық ақпарат: testcenter.kz сайтында «Тестіленушілерге» -> «ҚАЗТЕСТ» бөлімінде қолжетімді.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page